Судьялар одағына — 30 жыл!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына биыл 30 жыл толып отыр. Бұл – ел тәуелсіздігімен қатар қалыптасып, құқықтық мемлекеттің іргесін нығайтуға зор үлес қосқан маңызды бастама.

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында құрылған Судьялар одағы құқықтық мемлекеттің негіздерін нығайтуға бағытталған маңызды қоғамдық институт ретінде қалыптасты. Ұйымның басты мақсаты – судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, олардың кәсіби беделін арттыру, заңдылық пен әділдік қағидаттарын берік ұстану болды.

Судьялар одағының басты мақсаты – судьялардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға ықпал ету және заң үстемдігін нығайту болып табылады.

Отыз жыл ішінде Қазақстан Республикасының Судьялар одағы сот жүйесін жетілдіруге бағытталған көптеген бастамалардың ұйытқысына айналды. Судьялардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәсіби әдеп нормаларын сақтау, тәжірибе алмасу, жас судьяларды қолдау –негізгі бағыттары екені белгілі.

Елімізде халықтың сотқа деген сенімін арттыру – құқықтық мемлекеттің басты көрсеткіштерінің бірі. Осы тұрғыда Судьялар Одағында түрлі ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер, турнирлер өткізіп, құқықтық мәдениетті дамыту бағытында біріқатар шаралар жүзеге асырылуда.

Қорытындылай келгенде, мерейлі 30 жылдық – атқарылған жұмыстарға баға беріп, болашақ міндеттерді айқындайтын маңызды белес. Судьялар одағы әділ сот төрелігін жүзеге асыру, судьялардың тәуелсіздігі мен кәсіби беделін нығайту жолындағы қызметін табысты жалғастыратынына сенім мол.

Г.Чингисов, Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы

Андрей Кукушкин: Алматы тау кластері экономикаға қызмет ететін кез келді

Танымал PR-шы, Еуразиялық тау курорттары альянсының бас хатшысы әрі...

Сила партнерства: как Гражданский Альянс Казахстана строит цифровую демократию

Гражданский альянс выступает главным мостом между государством и обществом....

Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

Almaty Super Ski жобасын қоғамдық талқылау барысында қоғам қайраткері...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл...