Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

Almaty Super Ski жобасын қоғамдық талқылау барысында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан пікір білдірді. Ол жоба аясындағы алып-қашпа сөздерге тоқталып, олардың негізсіз екенін айтты.

  • Бұл жоба алғаш рет 2013 жылы талқыланған болатын. Өкінішке қарай, осы уақыт ішінде біз тауларымызды ретке келтіруге, абаттандыруға кіріскен жоқпыз. Ал бұл әрекетсіздік неге әкеп соқтырды? Біріншіден, адам өлімі тіркелді, жарақат алу, қоқыстың үйіліп қалуы жиіледі, тау соқпақтары тапталып, ағаш тамырлары ашылып қалды, – деді ол.

Оның айтуынша, таулы аймаққа тұрғын үй кешені салынады деген қауесет қоғамда жиі талқыланды. Бірақ «Іле-Алатау» ұлттық паркінің иелігінде қалады және ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін сақтайды. Сондықтан заң жүзінде ол жерге ешкімнің тұрғын үй кешенін салуға ешқандай құқығы жоқ.

  • Тағы бір мәселе – «бәрін ұрлап-талап кетеді» деген сияқты сөздер айтылуда. Мен экономист ретінде айтайын, бұл ақша несие негізінде бөлінеді. Демек, міндетті түрде қайтарылады. Келесі миф – ол жақта «қар аз болады» деген уәж. Біздің таулардан 1 шақырым төмен әрі оңтүстікке қарай орналасқан «Әмірсойда» бүкіл маусым бойы еш қиындықсыз шаңғы теуіп жатыр. Әзірбайжандағы «Шахдаг» кешені де дәл солай. Тіпті Сауд Арабиясының өзі аптап ыстық шөл далада тау-шаңғысы курорттарын салып жатыр. Бүгінгі техника мен заманауи технологиялар бұған толық мүмкіндік береді, – деді ол.

Almaty Superski: Алматыдағы тау туризмін дамытудың жаңа кезеңі

Алматының таулы аймақтары туризмді дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде...

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне жеті жыл өтті....

НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ МО ЯНЬ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» МАРАФОНЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі қытай жазушысы Мо...

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...

Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті...