12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мемлекеттік тілде азаматтық істерді қарау мәселелері

Тіл еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ең көп талқыланған мәселе. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін арттыру бұл өткен күннің де, бүгінгі күннің де өзекті мәселесі болып отыр. Тіл туралы айтқанда, мәселе белгілі бір бағдарламаны немесе жоспарды орындауда емес, жалпы ұлттың тілін, оның мәдениеті мен рухани құндылықтарын сақтай отырып, оның қолданыс аясын мейлінше кеңейту, қоғамдағы рөлін одан әрі арттыру.  Осы мақсатты орындауда басты жауапкершілік ең алдымен қазақ ұлтына жүктелінетіні айқын.

Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың өткен ғасырдың басында: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген ескертуінің көрегендікпен айтылғандығына – бүгінде жер бетінен жойылып кеткен көптеген ұлттардың тағдыры куә. Ұлттың ұйытқысына айналған тілдің тағдырына шынайы жанашырлықпен, мемлекеттік тұрғыда жалпыұлттық мәселе деп көңіл бөлу қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына басымдық бере отырып азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығын жариялады. Осы Конституциялық қағидатты қамтамасыз етуде мемлекеттік биліктің дербес тармағы – сот билігінің рөлі ерекше. Осы орайда, «Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы» Заңының 4-бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында  қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі», — деп жарияланғандықтан, сот жүйесі де бұл үрдістен қалыс қалмауы тиіс.

Ұлтымызды сақтаудың бірден-бір жолы тіл мәртебесінің әрқашанда биік болуында.

Азаматтар көп жағдайда сотқа жүгінген уақытта алдымен олар заңгерлердің көмегіне жүгінеді. Алайда, оларға көмек көрсету барысында, талап арыздар орыс тілінде дайындалып беріледі, сол себепті соттарда істер мемлекеттік тілде жүргізілмейді, себебі Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 14 бабына сәйкес Азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.

Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы.

Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою арызы (арыз) берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады. Дегенменде, жоғарыда көрсетілгендей, сотта тараптардың мүддесін қорғаушылар мемлекеттік тілді жетік меңгермегендіктен бұл жағдай мүмкін бола бермейді.        

Қарағанды қаласының 

Октябрь аудандық сотынының жетекші маманы

Р.Б. Мансуров

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...