12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Татуласу келісімі түсіністікке бастайды

Соттарда татуласу шаралары татуласу келісімі, медиация тәртібі, партисипативтік рәсім аясында қолданылады. Азаматтық процестік кодекспен айқындалғандай, азаматтар дауды ортақ мәмілемен шешуде аталған рәсімдердің өздеріне қолайлысын таңдай және АПК-мен белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдаланып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады. Татуласу келісімі туралы өтінішхатты судья бекітеді.

Тараптардың татуласуы үшін судья қажетті шараларды қабылдап қана қоймай, оларға процестің барлық сатысында көмектеседі. АПК-нің 175- бабында көрсетілгендей, татуласу келісімі бірінші, апелляциялық, кассациялық саты соттарында сот шешім шығаруға кетпей тұрып, сонымен қатар, сот актісінің орындалуы кезінде жасалады. Жазбаша түрде рәсімделген татуласу келісіміне тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды. Өкілге қатысты айтып өтерлігі, сенімхатта оның татуласу келісімін жасауға өкілеттігінің көрсетілуі міндетті.


Татуласу келісімінде тараптар өздері келіскен шарттар мен оларды орындаудың мерзімін және тәртібін толық жазады. Татуласу келісімін кейінге қалдыру шартымен жасауға жол берілмегенімен, онда заңға қайшы келмейтін, мысалы, жауапкердің міндеттемелерді орындауын кейінге қалдыру, талап ету құқығын басқаға беру, борышты толық немесе ішінара кешіру не мойындау секілді өзге де шарттар қамтылуы мүмкін. Егер келісімдегі қандай да бір шарттың басқа адамдардың құқығы мен заңды мүддесіне нұқсан тигізетіні, сондай-ақ, заң талаптарына қайшы келетіні анықталса, сот оны бекітпейді.


Татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатты судьяның сот отырысында қарауға құқы бар. Тараптардың білуі тиіс заңдылық, сот отырысына келе алмайтын болса өтінішхатты өзінің қатысуынсыз қарау туралы арыз беру керек. Бұлай болмаған жағдайда сот татуласу келісімін бекіту туралы өтінішхатты қараусыз қалдырады. Судья татуласу келісімін жасаудың құқықтық салдарларын тараптарға оны бекітпей тұрып түсіндіреді. Екі жақтан толық қолдау тапса ғана татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарым шығарылады. Айта кетерлігі, татуласу келісімі бекітілген немесе бекітуден бас тартылған, сондай-ақ, іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда сот бұлардың әрқайсысында ұйғарым шығарады. Мысалы, татуласу келісімін бекітуден бас тарту туралы ұйғарымға шағым жасалмайды әрі ол прокурордың өтінішхатымен қайта қаралмайды.

Бірақ, сот ұйғарымымен келіспеу себептері, яғни, дәлелдер апелляциялық шағым мен прокурордың өтінішхатында көрсетілуі мүмкін. АПК-нің 177-бабының 5-бөлігіне сай, соттың татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарымында татуласу келісімін бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату, оның шарттары мен орындау мерзімдері, сот шығындарын бөлу, мемлекеттік бажды қайтару қамтылады. Ал, сот актісін орындау сатысында жасалған татуласу келісімі осы акті орындалатын аумақтағы бірінші саты немесе оны қабылдаған соттың бекітуіне ұсынылады. Татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарымға апелляциялық саты сотына жеке шағым беру немесе прокурордың өтінішхат келтіру мүмкіндігі заңмен қарастырылған. Тараптар келісімдегі шарттарды көзделген тәртіпте уақытылы және ерікті түрде орындауға міндетті. Егер олардың бірі орындамаса екінші тарап өтінішхат беріп соттың атқару парағының негізінде
мәжбүрлі түрде орындата алады. Татуластыру институтының сот рәсімдеріне жұмсалатын шығындар мен сот жүктемесін төмендетуде де маңызы зор. Ең бастысы, тараптар арасында түсіністік қалыптасып, тығырықтан шығудың жолын бірлесіп іздейді. Бүгінде дау-жанжалдың ушықпай бітуі жекелеген адамдар үшін ғана емес, жалпы мемлекет үшін пайдалы екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр.


Индира Абекова,
Түрксіб аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...