12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Судья әдебін бұзушылықтың алдын алу

Судьялардың сот төрелігін жүзеге асыруда ақиқатты шешім шығарып, әділ қазылық етуі олардың негізгі парызы болып саналады. 2016 жылы 21 қарашадағы Қазақстан Республикасы Судьяларының VII Съезінде  Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заңына негізделе отырып Судьялар Әдебі кодексі қабылданды.

Сот төрелігінің Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылуы, сот төрелігін іске асыру барысында тек ел Конституциясы мен заңдарға ғана бағынуы судьяның біліміне ғана емес, адамгершілік және моральдық кескін- келбетіне де жоғары талаппен қарауды міндеттейді.

Кодексте айқындалғандай, судья берген антына берік болып, кез келген іс-әрекетті жүзеге асырған уақытта оғаш көріністерге жол бермей, судья лауазымына лайық болып, әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтауға тиіс. Сондай-ақ судья сот билігінің беделін түсіретін және судьяның абыройына нұқсан келтіретін барлық теріс іс-әрекеттен бойын аулақ ұстауы шарт екені құжатта жан-жақты белгіленген. Сондықтан да судья қоғамның сот жүйесіне деген сенімін қалыптастыру мақсатында өзінің біліктілігімен, жүріс-тұрысымен  жоғарғы стандарттарға сай болып, тәуелсіз сот төрелігін қамтамасыз етуге бар күш-жүгерін жұмсауы шарт.

Әрбір адамның жағымды бейнесі оның тек кәсіби қасиеттермен ғана шектелмейді. Сондықтан, судьялардың Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі – сот саласы қызметкерінің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету, азаматтардың қоғамда сот әділдігін жүзеге асырушы өкілдері туралы оң пікір қалыптастыру.

Мемлекет атынан сот билігін жүзеге асыруға сенім білдірілген әрбір судьяның  міндеті  қоғам тарапынан білдірілген сенімді ақтап, тәуелсіз еліміздің сот жүйесінің дамуына барынша күш-жігерін жұмсау болып табылады.

Судья немесе қызметкердің теріс әрекеттері құқықбұзушылық жасаған тұлғаларды сынға алумен шектелмейді, мұндай әрекеттер жалпы қоғамда резонанс тудырып, адамдармен қызу талқыланып соттың имиджін түсіруіне әкеліп қоғамда сот саласы туралы теріс пікір қалыптастырады.

Судьялардың істі қараған кезде титтей нәрсенің өзіне сыни көзбен қарап, тараптарды мұқият тыңдауы, сондай-ақ, олардың сот билігінің әділдігін әрбір шешімімен дәлелдеуі абыройлы қызметке сай екендіктерін көрсетеді. Судьялық әдеп кодексі соттар корпусының құрамын кәсіби және адами-әдеп жағынан нығайтудың құралы. Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам десек, биліктің үшінші тармағы – сот жүйесі халық сеніміне селкеу түсірмеуі тиіс екені анық.

                                          Қайратбек Бержанов Қызылорда облысының

                                                   мамандандырылған ауданаралық экономикалық

                                                   сотының судьясы

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...