Қызылордада пробация қызметкерлері көпбалалы отбасыларға қайырымдылық жасады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Қазалы аудандық пробация қызметі жаңа жылды қайырымдылық көмек көрсетуден бастады.  Аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Е.Сражатовтың айтуынша,  қайырымдылық көмек «Нұрай» құрылыс дүкенінің демеушілігімен 7 отбасыға көмек көрсетілді. Есептегі жеті  азаматта тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар.

— Оларға бірінші кезекте қажетті ұн, қартоп, күріш, пияз және өзге де азық-түрлері таратылып берілді. Былтыр да қайырымды жандардың демеушілігімен 15 отбасыға көмек берілген. Жеке кәсіпкерлер тарапынан осындай  игі істер жиі ұйымдастырылып тұрады. Алдағы уақытта қайырымдылық шаралар жалғасын табатын болады»- деді  Ербол Сражатов.

«Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, жақсылық жасау – әрбір адамның борышы, яғни аз қамтылған және қамқорлыққа мұқтаж жандарға көмек ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Есептегі азаматтардан басқа да тұрмыс жағдайы төмен аудан тұрғындарына  қолымнан келгенше көмек көрсетемін»,- деді жеке кәсіпкер.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...