Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні атап өтілді

2022 жылдың 14-ші желтоқсанында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай ақпараттық сағат ұйымдастырды. Аталған іс-шараға Қызылорда облысы бойынша Аманат партиясының атқарушы хатшысы Танбаева Базар Ермағамбетқызы арнайы шақырылды. Сөз алған Б.Танбаева ең алдымен 16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні болып табылатынын атап өтті. 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Н.Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 31 толғанын айтты. Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едәуір бөлігінде қалыптасты.

Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін 20 ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі. Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне он тоғыз жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек.

Желтоқсан көтерілісі – 1986 жылы 17-19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаматтық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады деп Б.Танбаева сөзін тәмамдады. Өз кезегінде Қызықлорда ст. ЖПб қызметкерлері Б.Танбаеваға тәуелсіздік туралы еліміздің тарихы туралы мағыналы ақпарат сабағын өткізгені үшін алғыстарын білдірді.

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...

От образования до внешней политики: чем заинтересовала казахстанцев книга Токаева

Книга Президента Касым-Жомарта Токаева «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»...