Құқықбұзушыға айыппұл салынды

2022 жылдың 30-шы желтоқсанында  Қазалы станциясынан Қызылорда облысының 32 жастағы тұрғыны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін №30 «Атырау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының бастығының актісімен тиісті шара қолдану үшін поездан түсірілген. Аталған азамат жол жүру барысында ішімдік ішіп, қоғамдық орында адамның қадір қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтындай мас күйде болып, айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, жолсеріктеріктердің ескертулеріне құлақ аспаған. Аталған дерек бойынша Қазалы станциясындағы көлік полиция қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 3-бөлігі бойынша қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішіп мас күйде жүргені үшән және ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда балағат сөз сөйлеу, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi бұзатындай әрекет жасағаны үшін 2 әкімшілік хаттама толтырып, іс-құжаттарды Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотына жолдаған.   

Ағымдағы жылдың 04-ші қаңтарында Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының шешімімен құқықбұзушыға қатысты 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Қызылорда ст. ЖПб

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...

«ЗАКОНЫ НЕ РАБОТАЮТ»: УДОБНЫЙ МИФ ИЛИ ГОРЬКАЯ ПРАВДА? 

ЕСТЬ ФРАЗА, КОТОРУЮ В КАЗАХСТАНЕ МОЖНО УСЛЫШАТЬ ПОЧТИ В...