Сотталғандар арасында тренинг өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінің  әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлері мен «Жігер» мүгедектер қоғамдық қорымен бірлесіп,  сотталғандар арасында тренинг өткізді. «Өз өмірлік құндылықтарды нақтылау» тақырыбындағы тренингке мекемедегі босатылуына бір жыл қалған сотталғандар қатысты. 

Бұл шара жаза өтеу орнынан шыққан  азаматтың жаңа жағдайларда одан әрі өмір сүруде психологиялық иммунитетін бекіту бағытында болды.Мекеменің сотталғандарға арналған Босаңсу бөлмесінде болған  жүздесу екі тарапқа да ыңғайлы үстел басында, еркін түрде өтті.Бұндай бетпе-бет жүздесу сотталғандардың   қимыл іс-әрекетін ,мінез-құлық, көңіл күйін бақылай отырып ,жағымды жаққа бағыттауға қолайлы дейді психолог С.Кеңес.Сонымен қатар,сотталғанның әрі қарай бостандықтағы ой-өрісін,оның сезімін,әдеттерін жаңа жағдайларда тиісті мінез-құлықты қалыптастыруда психологиялық жағдайдың икемін белсендетуге көмек берілді.

Жазасын өтеуші Е. есімді азамат алдағы уақытта жасаған қателігіне жол бермейтінін,қайта қылмысқа бармайтыннын айтты.Ертерек отбасымен қауышып,болашаққа деген үлкен үмітпен қадам басқалы тұрғандығын білдірді.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...