Ерлікпен қаза тапқан қызметкердің жұбайын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады   

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Көліктегі полиция департаменті Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері осы атаулы мейрамның қарсаңында, 1992 жылы 22 ақпан күні қанды қол қылмыскерлерді құрықтау барысында ерлікпен қаза тапқан милиция аға лейтенанты Мұратбек Әмзеұлы Өмірбековтың жары Байсейтова Күләш Дуйсеновнаны гүл шоғымен және бағалы сыйлықпен құттықтады.

Бұл жыл сайынғы дәстүрге айналып кеткен, Қызылорда ст. ЖПб қызметкерлері ерлікпен қаза тапқан әріптесін ешқашан естен шығармай, аяулы жарын мерекелермен құттықтап келеді. Өз кезегінде Көліктегі ПД Қызылорда ст. ЖПб қызметкерлеріне алғысын білдірді.  

RESPUBLICA ӨҢІРЛІК ШТАБТАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен,...

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...