Созақта «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы бастау алды

Бүгін Созақ аудандық полиция бөлімі және әкімдікке қарасты тиісті бөлімдердің қатысуымен еліміздегі әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясының ашылу шарасы өтті. Бұл бастама гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бағытындағы маңызды қадам болып табылады.

Шараның ашылуында арнайы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов
-«Бұл акция тек зорлық-зомбылыққа қарсы күресудің символы ғана емес, сонымен бірге, оның алдын алу мен қоғамның барлық мүшелерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам»,-деп зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін әрбір азаматтың белсенділігі мен түсіністік танытуы қажеттігін сөз етті.

Өз кезегінде Созақ аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Мұратаов осы шара аясында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық көмек және психологиялық қолдау көрсету жұмыстарын күшейту қажеттілігін айтты. Сондай-ақ аталған шараның қоғамдағы әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бұған қоса, Созақ аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бейбіт Төреханов пен аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, аудандық «Әжелер алқасының төрайымы» Мәруа Қайыржанқызы және аудандық аналар кеңесінің төрайымы Рысты Райымқұлова да сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталды.

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы – бұл тек қоғамдық шара ғана емес, ол әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға, қоғамда әділеттілік пен теңдікті нығайтуға бағытталған ауқымды бастама болып табылады. Алдағы өткізілетін 16 күнде де акция аясында өтетін іс-шаралар қоғамдағы зорлық-зомбылыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенеміз.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим Департамента внутреннего государственного аудита по городу Алматы...

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің абыройы мен құқықтық мәдениетінің, ұлттық қауіпсіздік пен әскери рухтың негізі

Мемлекеттілік пен егемендіктің мызғымас діңгегі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының...