АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке мүддесінен жоғары қоятын азамат. Осы орайда мемлекеттік қызметтегі еңбегімен, қоғамдық белсенділігімен және мәдениет саласына қосып жүрген үлесімен көпке үлгі болып жүрген мемлекеттік қызметші- Тұрлығазы Аслан Қайратұлы.

Аслан Қайратұлының еңбек жолы шығармашылық және әскери-патриоттық бағыттан 21 жастан бастау алған. 2018 жылы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдап, ел мәдениетінің дамуына өз үлесін қосып келеді. Ол 2017 жылдан бастап Астана қаласында «Астана Мюзикл» театрында, Талдықорған қаласында Бикен Римова атындағы театрнда әртіс болып қызмет атқарып, шығармашылық бағытта еңбек еткен. Сонымен қатар, Ұлттық әскери-патриотттық орталықтың әскери орекстрінде музыкалық жетекші қызметін атқарған.

Өнер саласында жинаған шығармашылық тәжірибесін мемлекеттік қызметке арнап, бүгінде Тұрлығазы Аслан Қайратұлы- Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде абыройлы еңбек етіп келеді.

Оның өнерден мемлекеттік қызметке дейінгі еңбек жолы- өз бойындағы шығармашылық әлеует пен кәсіби тәжірибені қоғам игілігіне бағыттаудың жарқын үлгісі.

Аслан Қайратұлы ауданның қоғамдық және мәдени өмірін дамытуға үлес қосып келеді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өткізілетін сенбіліктер мен абаттандыру жұмыстарын ұйымдастырып, тұрғындарды ортақ іске жұмылдыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырып, аудан тұрғындарының мәдени-рухани өмірін жандандыруға өз үлесін қосып келеді. Жауапкершілікпен атқарған қызметі, қоғамдық белсенділігі, адалдығы мен мінсіз беделі- оның кәсіби ұстанымының айқын көрінісі.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...