Сотталғандар арасында құқықтық тәртіпті қалыптастыру

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында 19.02.2025 жылы жоғары тәуекел тобындағы есепке тұрған соталғандарының қатысуымен ашық сот отырысы өтті, онда бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бірнеше рет бұзған, қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасаған «Ә» сотталғанға қатысты Астана қаласы Нұра ауданының пробация қызметінің ұсынуы қаралды, сот жүктеген міндеттерді орындамаған, ол үшін бас бостандығын шектеу түріндегі жаза 1 жыл 3 ай 26 күн мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.

Бұл іс-шараның мақсаты қайталама қылмыстар жасау фактілерінің алдын алу, сондай-ақ сотталғандар арасында құқықтық тәртіпті қалыптастыру болып табылады. Үкімді жария еткеннен кейін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы С.А. Сембаев пробациялық бақылауды бұзудың салдары туралы сотталғандармен әңгіме жүргізді.

Аягоз Баймурзина
Нұра ауданы пробация қызметі

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...