spot_img
spot_img

Сотталған азаматтар қауіпті аймақтан Қызылордаға эвакуацияланды

Мамандар «Қазгидромет» пен «Қазсушардың» мәліметтіне сүйеніп осындай қадамға барған. Су тасқынына байланысты БҚО-дағы №27 мекеменің орналасқан жері қауіпті аймақ саналып отыр. Осыған байланысты өңірге сотталған азаматтар эвакуацияланды. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесіне эвакуациялау жұмысы Ұлттық Ұланның арнайы вагонымен жүзеге асырылған.
«Бүгін №60 мекемеге этаппен келген сотталғандардың жеке ісімен мекеменің арнайы бөлім қызметкерлері танысып, келген арнайы контингентті орналастыру, оған медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сотталғандар арасында жанжалдарды, қашуды, топтық бағынбауды, жаппай тәртіпсіздікті, мүлікті бұзуды және өзге төтенше оқиғаларды болдырмау жұмыстары жүргізілуде. Мекеме тарапынан бұл сотталған азаматтарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру жөнінде өтінішхаттар беру мерзімдерінің келгені туралы уақытылы хабардар ету, тиісті материалдарды сотқа жіберу жеңілдіктері кезең-кезеңімен іске асатын болады. Сонымен қатар, өтінішхаттарды соттар мен прокуратура алдында тезірек қарау және шешім қабылдау мәселесі басты қағалауға алынды», — деді №60 мекеме бастығы, подполковник Мақсұт Өтетілеуов.
Этаппен келген сотталған азаматтар мекемеге орналасып, оларға эвакуациялаудың уақытша екендігі және су тасқыны тұрақтанғаннан кейін қайтарылатыны жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілген.

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...