Сотталғандар әйелдер арасында «Retro kesh +45» өткізілді

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекемесінде «RETRO KESH + 45» атты іс-шара өткізілді.

Бұл сайыста, басты кейіпкерлер 45 жастан асқан әйелдер болды.

Жалпы іс-шара, «Өзін-өзі таныстыру» және «Шығармашылық өнер» атты екі кезеңмен өтті. Сотталған әйелдер өздерінің жас шағындағы естеліктерін таныстырып, шығармашылық өнерлерімен көрермендерді қуанышқа бөледі.

Көрсетілімде болған ретро киімдері, әндері, реквизиттері және бутофориялары, өткен шақтағы жас кездерін естеріне түсірді.

Іс-шараның соңында әділ қазы мүшелері сайыстың қорытындысын, яғни жеңімпаздарды жариялады.

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...