Сотталғандар арасында іс-шара шара өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде сотталғандар арасында іс-шара өтті. Шараны «Жігер» мүгедектер қоғамдық қоры ұйымдастырды. Іс шара желтоқсан оқиғасының құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Одан соң тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры А.Уайдаев ашып, Тәуелсіздік күні мерекесінің маңыздылығын атап өтіп, ата -бабаларымыз азаттық жолында ерлік күресін, талай зұлмат замандар мен нәубетті бастан өткергенін айтып өтті. Шара одан әрі жазасын өтеушілердің қатысуымен дайындаған желтоқсан оқиғасы туралы қойылым көрсетіп,шараның мәнін барынша түсіндіруге тырысты.

Сахналық қойылымнан соң спорттық шарада бақтарын сынаған сотталғандар өздерін жақсы қырынан көрсетіп, жеңімпаз атанып, ұйымдастырушылар тарапынан грамота мен марапатталып, естелік сыйлықтар тарту етілді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті

RESPUBLICA ӨҢІРЛІК ШТАБТАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен,...

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...