СОТТАЛҒАН БАЛАЛАРҒА КОРОНОВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛЫНДЫ

Короновирус инфекциясы таралған алғашқы жылдарға қарағанда қазір оны жұқтыру қарқыны әлдеқайда төмендегені анық. Бүгінде дәрігерлер халыққа бұл қарқынның бәсеңдеуіне короновирусқа қарсы екпе алудың оң ықпалын тигізгенін кеңінен түсіндіруде.

Індетке қарсы вакцина алу жұмыстары бас бостандығынан айыру орындарында да жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы орайда жуырда Алматы қаласындағы балалар колониясында 18-жасқа толған, мекемеге жаңадан келген сотталғандар балаларға екпе салынды.

Аталған жұмысты жүзеге асырған Алматы қаласының № 5 ауруханасының медицина қызметкерлері жасөспірімдерге вакцинадан кейін қандай реакция болуы мүмкін, сол кезде өзіңді қалай ұстау керектігін түсіндірді.

Сонымен қатар кәмелеттік жасқа толмаған балаларға да короновирустық инфекциядан сақтану мен вакцина алудың маңызы туралы кеңес берілді. Балалар колониясында екпе салудың екінші этапы да талапқа сай жүзеге асырылды.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...