Сотталғандар арасында киберспорттық іс-шара өткізілді

Абай облысы, Семей қаласындағы №21 мекемесінде сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, заманауи бағыттарға қызығушылығын арттыру және әлеуметтік ортаға қайта бейімделуіне ықпал ету мақсатында киберспорттық іс-шара өткізілді.
Іс-шара «Gamer» ойын салонында ұйымдастырылып, оған 8 сотталған қатысты. Іс-шараны өткізу барысында жасақ бастықтары қатысушылармен жұмыс жүргізіп, олардың тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Киберспорттық іс-шара барысында сотталғандар компьютерлік ойындар бойынша өз шеберліктерін көрсетіп, жылдам ойлау, шешім қабылдау, зейін қою және командалық өзара әрекеттесу қабілеттерін сынады. Қатысушылар белсенділік танытып, жарысқа үлкен қызығушылықпен қатысты.
№21 мекемесінің Тәрбие бөлімінің бастығы, әділет майоры Д.К. Бугилбаев атап өткендей, сотталғандарды қазіргі заман талабына сай тәрбиелеу, олардың пайдалы әрі мазмұнды бос уақытын ұйымдастыру – әлеуметтік ортаға қайта бейімделу мүмкіндіктерін арттырудың маңызды бағыттарының бірі.
Киберспорттық іс-шара сотталғандардың заманауи спорт түріне деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың қарым-қатынас жасау, командада жұмыс істеу және бос уақытын тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, сотталғандардың қоғамға қайта бейімделуіне және оң әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталатын болады.

Республика күні: Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты қалыптастыру

Абай облысы бойынша №21 мекемеде Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі...

Республика күніне орай сотталғандар арасында мерекелік іс-шаралар өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...