Сотталған азаматшалар арасындағы тәрбиелік жұмысты арттыру

ҚР Премьер Министрінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі өкімімен бекітілген қылмыстық -атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған жол картасының тармақтарын іске асыру бойынша Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті 79 мекемесінің сотталған азаматшалары арасындағы тәрбиелік жұмысты арттыру мақсатында “КВН” мәдени шарасы өткізілді.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Атырау қаласы әкімінің орынбасары «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі қалалық комиссия туралы» қаулысымен құрылған комиссия төрағасы Нұржан Максотұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, рухани-мәдени тәрбиенің маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде: “Осындай игі бастамалар жазасын өтеушілердің қоғамға қайта бейімделуіне үлкен ықпал етеді. Әрбір адамның өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру – біздің ортақ мақсатымыз,” — деді.

КВН барысында қатысушылар түрлі әзіл-сықақ көріністер қойып, музыкалық және сахналық өнерлерін көрсетті. Командалар тапқырлық пен актерлік шеберліктерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Абай облысында жазасын өтеп шыққан сотталғандар отбасыларымен қайта қауышты

Абай облысында ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеген сотталғандар...

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы...