12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот қалың малды бөлуден бас тартты

Күйеуі үйлену тойын өткізу кезінде достары мен туыстары жауапкерге (жұбайына) 5 млн. теңге және 1 млн. теңге тұратын гауһарлы әшекейлер (сырға мен сақина) мен неке жүзігін бергенін айтып, мүлікті бөлу туралы талаппен жүгінген.

Талап қоюшы жауапкер бұл ақша мен зергерлік бұйымдарды заңсыз иемденген деп уәжедеген.

Жауапкер талапты мойындамады.

Сот іс материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдап, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

Себебі, істі қарау барысында сыйға берілген 5 млн. теңгені алу фактісі құжатпен расталмады, сондай-ақ аталған қаражатты жауапкердің иемденіп алғаны дәлелденбеді.

Зергерлік бұйымдарға келетін болсақ, ол қалыңдыққа некеге дейін берілген, сондықтан бұл оның жеке меншігі, сол себепті ол бөлісуге жатпайды.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 35-бабына сәйкес:

— ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некеге (ерлі-зайыптылыққа) дейін тиесілі мүлік;

— ерлі-зайыптылардың неке (ерлі-зайыптылық) кезеңінде сыйға тарту тәртібімен немесе өзге де өтеусіз мәмілелер бойынша алған мүлкі ерлі-зайыптылардың әрқайсысының жеке меншігі болып табылады.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...