12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот приставы — сот саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуші тұлға

Сот ғимаратына келген азамат, ең бірінші сот приставының жұмысына куə болады. Сондықтанда сот жүйесіне деген сенімді көрсетуде — сот приставының орыны зор болып табылады.

 Елімізде қазіргі таңда, сот приставтары Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің құрамына енеді және оған тікелей бағынышты. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен олардың алдын алу бағытында іс-қимыл жасау, сот приставтарының негізгі міндеттерінің бірі.

Жергілікті және аудандық соттарының ғимаратында ішкі қауіпсіздікті нығайту мақсатында, судьялар мен сот қызметкерлерінің қызметтік бөлмелерінде, сот отырысына қатысушы тараптардың (азаматтардың) процессуалдық емес қарым-қатынаста болдырмау және сот приставтары мамандандырылған арнайы күзет қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, сот ғимаратына азаматтардың кіріп-шығу жұмыстарының ұйымдастырылуы күнделікті қатаң бақылауға алынып, жолға қойылған. Мысалы, сотқа келген тұлға сотқа кіру үшін сот қызметкерімен немесе сот приставымен ілесіп жүруі арқылы кіре алады.

Сот ғимаратында азаматтар тарапынан соттың шешімдеріне, үкіміне келіспей дөрекілік танытып, қоғамдық əдепке сай емес əрекет жасап, айқай-шу шығаратын азаматтар, сотқа құрметтемеушілік танытады. Осы азаматтарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 653 бабында жауапқа тарту көзделген. Аталған бапта көрсетілгендей, сот приставы құқық бұзушы азаматқа қатысты хаттама толтыруға құқылы.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және соттарда сыбайлас жемқорлықты алдын алу бөлімі, сот ғимаратында келеңсіз оқиғалар болған жағдайда сот приставтарының атқаратын іс-әрекеттері жөнінде, жұмыс барысында пайдалану үшін жадынама қолданысқа берілгенің атап өткен жөн. Сот приставының негізгі құқықтары мен міндеттері ҚР «Сот приставы» туралы заңында атап көрсетілген.


Маңғыстау облысының қылмыстық

істер жөніндегі  мамандандырылған

ауданаралық ауданаралық сотының

бас маман- сот отырысының хатшысы

Ж.Р.Гумаров

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...