12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот өндірісі: тарихы және даму кезеңдері

Сот жүйесі – кез келген мемлекеттің құқықтық іргетасы, әділеттілік пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін маңызды институт. Қазақстанның сот өндірісі ұзақ тарихи жолдан өтіп, дәстүрлі билер сотынан қазіргі заманғы демократиялық жүйеге дейін дамып жетілді.

Қазақ даласында сот өндірісінің тамыры тереңде жатыр. Ежелгі дәуірден бастап, билер соты халық арасында әділдік орнатудың негізгі тетігі болды. Билер тек қана құқықтық мәселелерді шешіп қана қоймай, қоғамның рухани жетекшілері саналды. Олардың шешімдері заң күшіне ие болып, халықтың құрметіне бөленді.

Билер соты қазақ халқының өмір салты мен көшпелі өркениетіне бейімделген ерекше жүйе болды. Оның басты ерекшелігі – әділдік пен бейбіт шешім қабылдауға ұмтылу. Қазақ хандары өз заманының талаптарына сай заңдар жинағын құрып, билер сотын дамытты. Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысы» осыдәуірдегі құқықтық жүйенің негізі болды. Бұл заңдар қылмыстық істерден бастап, жер, мүлік және отбасылық қатынастарды реттеуге дейінгі барлық құқықтық нормаларды қамтыды.

Қазақстан Ресей империясының құрамына өткеннен кейін дәстүрлі билер соты біртіндеп әлсіреп, орнына патшалық әкімшілік соттар енгізілді.

1867-1868 жылғы реформаларға сәйкес, қазақ даласында уездік және әскери соттар құрылды. Бұл соттар орыс империялық заңдарына бағынды және көбінесе отарлық саясаттың мүддесін көздеді. Соған қарамастан, билер соты біраз уақытқа дейін сақталып, жергілікті халықтың дауларын шешу құқығына ие болды.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік сот жүйесі енгізілді. Халық соттары құрылып, олар таптық идеологияға негізделді. Кеңес үкіметі сот жүйесін толық бақылауда ұстады, сот шешімдері көбінесе партияның мүддесіне тәуелді болды. 1936 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Соты құрылып, кеңестік заңдар негізінде жұмыс істеді. Бұл кезеңде заң үстемдігі екінші орынға ығыстырылып, саяси қуғын-сүргіндер жиі орын алды.

1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін сот жүйесі түбегейлі реформаланды. 1993 және 1995 жылдары қабылданған Конституциялар сот билігінің дербестігін бекітті. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттардың қызметі халықаралық стандарттарға сай қайта құрылды.

2001 жылы «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» заң қабылданды. Бұл заң соттардың тәуелсіздігін нығайтуға, судьяларды іріктеу процесін жетілдіруге және сот өндірісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда сот жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар реформалар жүргізілуде. Соңғы жылдары «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында сот төрелігінің әділдігі мен ашықтығын арттыруға басымдық берілуде.

Цифрлық технологияларды енгізу, электронды сот өндірісі жүйесі, татуластыру рәсімдерінің дамуы – сот жүйесінің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадамдар. Судьяларды іріктеу процесі күшейтіліп, олардың кәсібилігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Қазақстанның сот өндірісі тарихи тұрғыдан алып қарағанда, билер сотынан бастап қазіргі заманғы демократиялық сот жүйесіне дейінгі ұзақ эволюциядан өтті. Сот билігінің тәуелсіздігі мен әділдігі – құқықтық мемлекеттің маңызды көрсеткіші. Сондықтан сот жүйесін одан әрі жетілдіру және халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттыру – Қазақстанның құқықтық саясатының басты бағыттарының бірі болып қала бермек.

Астана қаласының қылмыстық істер

жөніндегі мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маман – сот отырысының хатшысы             Айнар Мусина

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар

Сыбайлас жемқорлық – бұл адамның көздеген мақсатына оңай әрі...

Қазақстандықтардың басым бөлігі кітап оқиды

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық...

Бо́льшая часть казахстанцев читают книги

В 2025 году по инициативе Главы государства в Казахстане впервые...

Түркі әлемінің ынтымақтастық күні: БІРЛІК РУХЫ

3 мамыр — Түркі әлемінің ынтымақтастық күні. Түркілік ынтымақтастық...

 Подведены итоги

На расширенном заседании коллегии Департамента полиции Жамбылской области подведены...