«Social project» қоғамдық қоры жазасын өтеуші жасөпірімдермен кездесті

Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының «Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеу» жоба аясында «Social project» қоғамдық қорының өкілі Алматы қаласы бойынша  ҚАЖД  №11 мекемесінде бас бостандығынан айырылған жазасын өтеуші жасөпірімдермен кездесті. Іс шараға Алматы қаласының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Айдос Қалжанов қатысты. Кездесуде жазасын өтеуші жасөпірімдерге босатылғаннан кейін көмек көрсетілетіні, жұмыспен қамту мәселесі туралы  толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қор өкілі бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жатқан  жасөспірімдерге ертеңгі күні бостандыққа шыққаннан кейін тығырыққа тіреліп, қоғамнан алшақтап қалмауы үшін не істеу керектігін, алдағы жақсы күндерден үміт үзбеулерін жеткізді.  Жаза басқандарға, «сотты болу – соңғы үкім емес» екенін түсіндіріп, осы өмірден өз орнын таба алатынына сендіріп, ішкі мотивациясын көтергіміз келеді, – дейді «Social project»қоғамдық қордының директоры, жоба жетекшісі Бейбіт Нәлібаев.

                                                      №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...