Әскери зейнеткерлерге зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат етілді

Қазақстанда зейнеттегі әскери қызметшілерге жеткілікті шекке қарамастан, зейнетақы жинағының жартысын мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат етілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы Қайыржан Бимолдин айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зейнетақы заңнамасында болған негізгі өзгерістер — әскери қызметшілердің мемлекеттік бюджет есебінен ортақ зейнетақыға көшуі. Бимолдиннің айтуынша, бұрын бұл жинақтаушы жүйе есебінен жүзеге асырылған.

«Былтыр зейнетақы жинағын пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында әскери зейнеткерлерге зейнетақы жинағының қалдықтарын жеткілікті шекке қарамастан, 50 пайыз мөлшерінде пайдалану құқығы берілді. Әскери қызметшінің үш миллион жинағы болса, онда ол бір жарым миллионды мемлекет көздеген бағыттарға пайдалануға құқылы», — деді Бимолдин.

Айта кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге мерзімінен бұрын пайдалануға рұқсат етілген.

Еске салайық, бұған дейін елімізде әскери қызметшілердің зейнет жасы ұлғаятыны хабарланған болатын.

Мемлекеттік тілдің мерейі үстем

Алаштың ардақты ұлы Халел Досмұхамедовтің: «Ана тілін біліп тұрып,...

Ценность каждого голоса 

24 августа 2026 года в Казахском национальном университете им....

Формирование культуры нетерпимости к коррупции

В настоящее время одной из главных угроз, препятствующих развитию...

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

Қазіргі таңда кез келген мемлекеттің өркендеуіне, экономикалық тұрақтылығы мен...

Управление водными ресурсами

В вопросах международной политики Казахстана приоритет отдается сотрудничеству в...