Шымкентте кеңсе қағазының өндірісі тоқтап қалды

Шикізат жеткізудегі мәселелер Шымкенттегі кеңсе қағазы өндірісінің тоқтауына әкеп соқты. Кәсіпорын шикізатты Финляндиядан сатып алған, — деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Зауыт қызметкерінің сөзінше, басқа жеткізушіні табу оңай болмаған. Енді олар бұл жағдайға мемлекет араласатынына үміттеніп отыр. Себебі жұмысты бастау қиын болып отыр. 

Телеарна мәліметінше, бұрын кәсіпорында А4 форматындағы 3 миллион бума қағаз және А3 форматындағы 300 мың бума қағаз шығарылған. Енді өндіріс тоқтап қалған.

Сонымен қатар, дүкен сөрелерінде кеңсе қағазы азайып жатыр. Сатушылар импорттаушылар жеткізу санын қысқартып, бағаны күрт өсіріп жібергенін айтқан. Кәдімгі бума қағаз енді екі есе қымбат болады.

«Қазақстан өзін шикізатпен қамтамасыз ете алмайды. Ормандар Ресейде, Финляндияда орналасқан. Целлюлоза-қағаз комбинаты қазақстандық компанияларға сатады. Олар кейін бізге сатады. Жылдық көлем қанша екенін білу үшін тікелей сатып алғымыз келеді. Онда жеткізушілермен бәсекелесе аласыз. Толық жұмыс істесек, нарықтың 20 пайызын жаба аламыз», — дейді зауыт бас директорының орынбасары Қанат Әлімбаев.

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді 

Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау процесіне өзгерістер енгізілді.

Жанармай мен коммуналдық тарифтер қымбаттауы мүмкін: 1 сәуірде мораторий аяқталады 

Елде жанармай мен коммуналдық қызмет тарифтеріне қойылған мораторий 1 сәуірден бастап аяқталады. Ол ел экономикасына қандай өзгеріс алып келеді?

Зардап шеккендер бар: Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты 

Алматы – Боралдай – Шамалған станциясы маңындағы теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Жетісу облысында жер сілкінді 

Сейсмологтар Жетісу облысында 31 наурызға қараған түні магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісін тіркеді.

Қазақстанда көші-қон заңын бұзған 1 200 адам елден шығарылады 

Қазақстанда көші-қон заңнамасына қатысты 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды.