Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді 

Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау процесіне өзгерістер енгізілді. Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей отырып, қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл қадам қабылдау процесін негізгі оқу кезеңінен бөлуге, мектеп әкімшілігіне түсетін жүктемені азайтуға және білім беру сапасын сақтауға мүмкіндік береді.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ата-аналарға жаңа өзгерістер туралы түсіндірді. Оның айтуынша, бұған дейін бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталып, оқу процесімен қатар жүретін. Осыған байланысты мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және ІТ мамандары үшін қосымша жүктеме туындап, кейбір жағдайда қабылдау процесін тиімді ұйымдастыру қиынға соғатын.

Осындай келеңсіз жайттардың алдын алу мақсатында биыл бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі қайта қарастырылды. Енді құжат қабылдау 27 мамырдан басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Бұл ата-аналар үшін де, мектептер үшін де қолайлы болады деп санаймыз, – деді министр.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта құжат қабылдау жүйесі бірнеше мәрте тестілеуден өткізіліп жатыр. Ата-аналар үшін ыңғайлы жағдай жасау мақсатында барлық қажетті тетіктер қарастырылған. Қосымша ақпарат алдағы уақытта жарияланады.

Бакуде  «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» атты халықаралық көрме ашылды

Әзербайжанның Ұлттық тарих музейінде Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің...

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.