Қазақстанда көші-қон заңын бұзған 1 200 адам елден шығарылады 

Қазақстанда көші-қон заңнамасына қатысты 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті күшейту және көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында республика көлемінде өткізілген “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтаған. Оның ішінде 4 мыңнан аса шетел азаматы елде болу талаптарын бұзса, 2700-і заңсыз жұмыс істеген.

Бірақ назар аударатын тұс — 2200 қазақстандық пен заңды тұлға шетелдіктер туралы полицияға уақытылы хабар бермеген. Яғни, заң бұзуға жергілікті азаматтардың өзі жағдай жасап отыр.

Жұмыс берушілер де жауапкершіліктен тыс қалмаған.

500-ден астам кәсіпкер шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жазаланды. Жалпы айыппұл көлемі 200 млн теңгеден асты, — деп мәлімдейді министрлік.

Рейдтің тағы бір нәтижесі — елде заңсыз жүргендерге қатысты нақты шаралар.

1 500 шетел азаматының елде болу мерзімі қысқартылып, 1 200 елден шығару туралы сот шешімі қабылданған.

Соның ішінде 121 адам мәжбүрлі түрде шығарылды, ал олардың сегізі радикалды ағым өкілдері ретінде танылды. Барлығына 5 жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды, — дейді министрлік.

Сонымен қатар, шекараны заңсыз кесіп өту, заңсыз көші-қон ұйымдастыру және шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзу фактілері бойынша 24 қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ  рейд барысында іздеуде жүрген 22 шетел азаматы ұсталды. Олар түрлі қылмыс бойынша көрші елдерде іздеуде болған.

Президент кәсіби спортшы Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады 

Мемлекет басшысы кәсіби спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Дрондар жол ережесін бұзғандарды анықтайды: Қазақстан жолдарында бақылау күшейтілді 

Полиция жолдағы тәртіпті дрондар, мобильді кешендер және орташа жылдамдықты анықтау жүйелері арқылы бақылайды.

Қазақстан экономикасы жеті айда 4,1%-ға өсті 

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр.

Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін 

Синоптиктердің айтуынша, ауадағы ластану деңгейіне жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температура сияқты факторлар әсер етеді.

Мектеп оқушылары қашан және қанша күн демалады? – Оқу жылының жаңа кестесі жарияланды 

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылының, мектеп демалыстарының және қорытынды аттестаттаудың...