Шымкентте қант пен кәмпит тапшылығы байқалуда

Шымкенттік саудагерлер шекер бағасы бір ай ішінде бірден 200 теңгеге қымбаттаған дейді. Соған байланысты кәмпиттердің, балмұздақтардың, қанттан жасалатын өнімдердің барлығы да шамамен 20-30 пайызға көтерілген. Ал барбарис және ирис сияқты тәттілер мүлде жоқ. Сатушылардың айтуына қарағанда бір аптадан бері бұл тауарлар тасымалы тоқтатылған, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Шымкентте кейбір дүкендерде қанттың 800 грамдық шағын ғана қорабы 720 теңгеден сатылып жатыр. Ең арзан саналатын әлеуметтік сауда нүктелерінің өзінде 1 келі құмшекер 530-560 теңге төңірегінде. Кей сауда сөрелерінде шекер мүлде жоқ. Сатушылар сұраныстың көптігінен, бұл тауар сөреге шығарылғаннан кейін бірер сағатта таусылып қалатынын жасырмайды. Айта кету керек, әлеуметтік тауарлар маркеттерге әкімдік тарапынан 5 тонна шекер жеткізіліп беріледі екен. Ал әр маркеттің күнделікті 550 келіден артық сатуына шектеу қойылған. Оның үстіне жан басына тек 1 келі құмшекерден артық берілмейді.

«12 желіге бір аптада 5 тонна көлемінде қант жеткізіледі. Өнімнің бір келісі қазір 530 теңгеден саудалануда. Жұрттар әп-сәтте талап кетеді. Қанттың тапшылығы сезілуде» – дейді сауда орталықтарының бірінде жұмыс істейтін Асқар Қамбар.

Ал салаға жауаптылардың айтуынша, көрші Ресей елінен қанттың аз мөлшерде жеткізілуі бағаның шарықтауына әкеп соғуда. Қазір қалада бағаның негізсіз көтерілуімен күресетін мобильді топтар жұмыс істеуде.

«Тауар көлемі кеміген сайын бағаның артататыны — нарық заңдылығы. Қазір қалада 1500 мың тонна құмшекер қоры бар. Бұл бір айға жеткілікті. Дегенмен үнемдеу үшін сатылымына шектеу қойып отырмыз. Себебі, біздің нарықтың 30 пайызы Ресейдің тауарына тәуелді. Әзірге көрші елдерден келісім шарт аясында қалдық тауарлар тасымалдануда», – дейді Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков:

Шенеунік қаладағы 6 базарға құмшекерлер әлеуметтік бағамен үлестірілетініне сендірді. Алайда, қант нарығындағы қымбатшылықтың қашан тоқтайтынын жергілікті әкімдік өкілдері дөп басып айта алмады.

Тіл – ел тірегі

Тіл – әр халықтың ең басты байлығы мен рухани...

2027 жылы Қазақстанда киберспорттан әлем чемпионаты өтеді (IESF World Esports Championship 2027) 

Бүгін Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен жоғары білікті мамандар...

КАК РОЖДАЮТСЯ НОВЫЕ НАУЧНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ

В современной медицине и здравоохранении наряду с фундаментальной теорией...

Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау - заңдылықты қамтамасыз...