12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шіркеу қызметкері сотталғандарды қабылдады

Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында Христиан дінінің православтық бағытын ұстанушы азаматтары да бар. Аталған сотталғандарды қабылдап насихат жүргізу мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес қалалық «Божией матери» шіркеуінің Бас қызметкері Ивашинин Серафим Витальиевич ағымдағы жылдың 11 наурызында мекемеге келді.

Шара барысында С.Ивашинин сотталғандарға «Великий пост» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Яғни аталған оразаның 40 күнге созылатындығын айта келе бұл уақыт аралығында әрбір христиан дінінің өкілі ет тағамдары мен сүт өнімдерін ішіп жеуден өздерін тыятындығын айтты. Сонымен қатар ораза ұстау кезінде ішіп-жеуден тыйылу ғана еместігін, әрбір христиан дінінің өкілі өзін жаман әдеттерден тыйуы керектігін түсіндірді. Кездесу соңында С.Ивашинин сотталған азаматтар үшін дұға жасады.

Жазасын өтеушілер осы жүздесу барысында өздерінің жасаған күнәларына өкінетіндіктерін, тәубеге келу арқылы өз күнәларынан арылғысы келетіндерін айтты сонымен қатар ораза кезіндегі жасалатын амалдар туралы көкейтесті сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптарын алды.

«Әрбір адам қателікке бой алдырады және соның салдарынан күнә жасайды. Біз де өзіміз жасаған қателіктеріміздің салдарынан жаза өтеп жатырмыз. Алайда, дін саласының қызметкерлері келіп тұрса, біз олармен әңгімелесу арқылы біраз жеңілдеп қаламыз. Сондықтан да қай дін өкілі болмасын адам тәубеге келу үшін, оған дұрыс жол көрсететін адам керек. Біз де тәубемізге келіп, жаратқанға жалбарыну үшін тура жолды көрсететін шіркеу қызметкерінің жиі келуін тағатсыздана күтеміз және ауыз бекітеміз», — дейді сотталғандардың бірі.

№60 мекеме баспасөз қызметі

№20 мекемесінде «Жол қауіпсіздігі күні – Ақ жол» акциясы өтті

Қазақстан полициясы күніне орай Ішкі істер министрлігінің іс-шаралар жоспарын...

В учреждении №20 провели акцию «Жол қауіпсіздігі күні – Ақ жол»

Во исполнение плана Министерства внутренних дел Республики Казахстан по...

Закон и порядок

Сегодня среди осужденных граждан, состоящих на учете в службе...

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес тақырыбында сотталған азаматшалға түсіндірме жұмысы жүргізілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мүдделі органдармен...

Түзеу мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 79 мекемесінде Ұлттық...