Щеткада SIM карталары бар «Nokia» маркалы ұялы телефон табылды

Қылмыстық атқару заңнамасына сәйкес сотталғандардың туыстарынан сәлемдемелер және бандерольдер жіберуге құқылы. Сотталғандар алатын барлық сәлемдемелер мен бандерольдер мекемелерге тыйым салынған заттардың түсуіне жол бермеу тұрғысынан тексеріледі. Сотталғандармен және азаматтармен тыйым салынған заттардың кіруіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, олар тыйым салынған заттарды жасырудың күрделі тәсілдерін табуда. Сонымен бірге мекеме қызметкерлері осы фактілердің жолын кесу бойынша заманауи технологияларды қолданады.

Мәселен, 2022 жылдың желтоқсан айының басында №48 мекеменің қызметкерлері рентгентелевизиялық аппаратты қолдана отырып, «Т» сотталғанның Түркістан облысынан туысы жіберген сәлемдемесін тексерді. 

Сәлемдемені тексеру кезінде қызметкерлерде аяқ киімге арналған ағаш щеткасы күдік тудырып кейіннен бөлшектелді. Нәтижесінде бұл щеткада SIM карталары бар «Nokia» маркалы ұялы телефон, сондай-ақ USB кабелі бар зарядтағыш жасырылған тікбұрышты тесік кесілгені анықталды.

Азаматқа қатысты материал жасалды және тиісті шешім қабылдау үшін аумақтылығы бойынша жіберілді.

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...