12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шетелдіктер ел заңына
құрметпен қарауы керек

Ел заңымен заңсыз миграцияның алдын алу және заң бұзушылықтар үшін жауап­кершілікті күшейту шаралары қарастырылған. Бұл орайда ел аумағына заңсыз кіріп-шыққан еңбекші-мигранттардың жауап­кершілігі, жүріп-тұруы, шекарадан өту ережелерін бұзуы, заңсыз мигранттарды ел аумағынан шығару мәселелері де заңда көзделген. Біздің елде жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтар кейде заң талабын сақтамай, жауапкершілікке тартылып жатады. Заңды бірнеше рет белден басып, жауапкершілікке тартылған шетелдіктердің ісі әкімшілік құқық бұзушылық тәртіппен де, қылмыстық тәртіппен де қаралады.
Қылмыстық кодексте басқару тәртібіне қатысты қылмыстық құқықбұзушылық түрі кеңейтіліп, ҚР Мемлекеттің шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру секілді баптар қарастырылған. Осы заңның 392-бабында Қазақстанның мемлекеттiк шекарасын мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункт­терінен тысқары жерден қасақана заңсыз кесіп өту, жалған құжаттар арқылы немесе белгіленген тәртіпті бұза отырып қасақана заңсыз кесіп өту – шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Рес­публикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып, бір мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалау көзделген.
Шет елдіктердің ел аумағында заңсыз жүріп-тұруын қамтамасыз еткен ел азаматтары да қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Яғни, Қылмыстық кодекстің 394-бабына сай, көлік құралдарын не қолдан жасалған құжаттар не тұрғын немесе өзге де үй-жай беру, сондай-ақ, азаматтарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ел аумағы бойынша заңсыз келу, кету, орын ауыс­тыру үшін өзге де қызметтер көрсету арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру – екі мың АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыс­тарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ал қызметтік өкілеттігін пайдалану немесе адамдар тобы болып алдын ала сөз байласып жасаған дәл осындай әрекет үшін жаза қатаң.
Өкінішке қарай, сотта кейде шетелдік азаматтың ел заңын бірнеше рет бұзуы жиі кездеседі. Олар жазадан сабақ алмай, керісінше, қателікті қайталап жасауға бейім тұрады. Бұл шетелдіктердің Қазақстанға бойы үйреніп қалуынан ба, әлде өз елінде еркін жүріп, еңбек ете алмауынан ба, ол жағы белгісіз. Қалай болғанда да, кез келген шетелдік өзге елдің заңына құрметпен қарағаны абзал.

Аида Бұлақбаева,
Ақтау қалалық сотының судьясы

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңызы

Тіл – әр ұлттың негізі. Ұлттың ұлт ретінде сақталуы...

Мемлекеттік тілде сөйлеу баршаға міндет

Мемлекеттік тіл ел тәуелсіздігін айқындайтын негізгі белгілердің бірі. Қазақ тілінің...

Мемлекеттік қызмет жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру қажеттілігі...

Медиация – бейбітшіл елдің басты миссиясы

Қазақстан – әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдайтын, көптеген дау-жанжалды...

Жазаны қатаңдату арқылы жауаптылық көтеріледі

Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады...