Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, соттар халықаралық құқықтық көмек көрсету, жекелеген процестік және өзге де әрекеттірді орындау, атап айтқанда сот құжаттарын дайындау, салып жіберу және тапсыру, тараптардан, үшінші тұлғалардан, айыпталушылардан, жәбірлеушілерден, куәлардан, азаматтық талапкерлерден, азаматтық жауапкерлерден, олардың өкiлдерiнен, айыпкерлердiң заңды өкiлдерiнен, сарапшылардан жауап алу, тараптардан және басқа адамдардан түсініктеме талап ету, сот қарап-тексерулері, заттай дәлелдемелерді тапсыру және салып жіберу, азаматтық, отбасылық, экономикалық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сот актілерін тану және іске асыру жолымен жүзеге асырылады.
Тапсырма- құжаттарды тапсыру және жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жүргізу туралы сот құжаты.
Өтінішхат- өтініш беруші шет мемлекеттің сотына жолдаған сот актісін тану және орындауға рұқсат беру туралы өтініш.
Соттар нақты жағдайларға, сот төрелiгi мен тұтастай қоғам мүдделерiне сүйене отырып және Уағдаласу Тараптардың ішкі заңдарына сәйкес құқықтық көмек көрсетеді.
Халықаралық шарттар болмаған кезде, басқа мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасасу халықаралық құқықта көзделген өзара түсінікті қағидаты негізінде жүзеге асырылады.
Халықаралық шарттарға сәйкес, құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындау кезiнде сұрау салынған мекеме өз елінің заңнамасын қолданады.
Шешiмдердi тану және орындау туралы өтiнiш
Шешiмдердi тану және орындау туралы өтiнiш пайдасына шешiм шығарылған тарап шешiм орындалуға жататын Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сотына бередi. Ол бiрiншi сатыда iс бойынша шешiм шығарған сотқа берiлуi мүмкiн. Осы сот өзiнiң шешiмiн тану және орындау туралы өтiнiштi өтiнiш бойынша шешiм шығаруға құзыреттi сотқа жiбередi.
Өтiнiшке:
— шешiм немесе оның куәландырылған көшiрмесi, сондай-ақ шешiм заңды күшiне енгендiгi және орындалуға жататындығы туралы, немесе егер бұл шешiмнiң өзiнен туындамаса, ол заңды күшiне енгенше орындалуға жататындығы туралы ресми құжат;
— процеске қатыспаған қарсы шешiм шығарылған тараптың тиiстi тәртiппен және уақтылы сотқа шақырылғандығы жөнiндегi, ал оның iс жүргiзу қабiлетсiздiгi жағдайында тиiстi түрде ұсынылғандығы туралы құжат;
— оны жөнелту сәтiнде шешiмнiң iшiнара орындалуын растайтын құжат;
— шарттық соттылық iстер жөнiндегi тараптардың келiсiмiн растайтын құжат қоса тiркеледi.
Шешiмдi тану және орындау туралы өтiнiштiң және оған қоса тiркелген құжаттардың сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың тiлiне аудармасы куәландырылып қоса берiледi.
Қазақстан Республикасы экономикалық соттарының шешімдерін тану және мәжбүрлеп орындату туралы өтінішхаты, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, өндіріп алушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес рәсімдейді.
Өтініште өндіріп алушының атауы, оның пошталық және заңды мекенжайы, банктік реквизиттері, сондай-ақ, борышкердің белгілі атауы, оның мекенжайы және рекзвизиттері көрсетіледі. Өтінішхатқа уәкілетті тұлға қол қояды және өндіріп алушының мөрімен бекітіледі.
Шешiмдердi танудан және орындаудан бас тарту.
Құқықтық көмек көрсету жөніндегі халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес, жауапкердің сот талқылауына уақыты мен орны тарулы уақытылы не тиісінше хабардар етілмеуі салдарынан сот процесінде болмауы сот шешімін мәжбүрлеп орындауға рұқсат беруден бас тартуға негіз болып табылады.
Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша департментінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы Ахметова Айгуль Кудайбергеновна