12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Шағын кәсіпкерлік саласындағы құқықтың өзекті мәселелері»

NARXOZ университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебі мен Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының бастамасы негізінде NARXOZ университетінің 60 жылдық мерейтойы аясында студенттер мен магистранттарды«Шағын кәсіпкерлік саласындағы құқықтың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.Дөңгелек үстелдің мақсатыталқыланатын мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру, шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау аясындағы құқық қолдану мәселелерін талқылау, зерттеу тәжірибесімен алмасу, аталған мәселелерге қатысты үздік бизнес идеяларды іріктеу.

Дөңгелек үстелге Кәсіпкерлерді қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Б.А. Бегалиев, Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары М.М. Қаныбеков, Алматы қаласы Атамекен кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау және әкімшілік тосқауылдарды төмендету бөлімінің басшысы Е.Б. Беймбет, Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-дың Заң клиникасының директоры Қ.М. Қожабек, Қазақ Америка университеті Халықаралық Білім Беру Корпорациясы факультетінің деканы Ғ.Б. Телеуев, Қарасай аудандық сотының  судьясы А.Б. Ахметова, Қарасай аудандық сотының  судьясы Ж.А. Утегенова, Нархоз Университеті ҚЕАҚ Құқық және мемлекеттік басқару мектебі Заң клиникасының жетекшісі С. Адилгазы, Нархоз Университеті ҚЕАҚ Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің оқытушылары, А.С. Сейтжан, Г.Т. Қазиева қатысты.Сонымен қатар,Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-дың Заң факультетінің студенттері мен Қазақ Америка университеті Халықаралық Білім Беру Корпорациясы факультетінің студенттері және Нархоз университетінің студенттері қатысып өз баяндамаларын оқыды.Іс-шараға қатысушылар:

 -қазіргі шағын кәсіпкерлік саласындағы құқықтың өзекті мәселелері;

 -кәсіпкерлік заңнаманы жетілдірудің негізгі бағыттары;

  -кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін құқықтық реттеудің ерекшеліктері аясында сөз қозғап,ойларымен бөлісіп,баяндамалар тыңдалды.

Шара соңы «Үздік бизнес-идея» мен «Үздік баяндама»  авторлары марапатталды. Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-дың Заң факултетінің 3- курс студенті Жүніс Әли, Нархоз университетінің студенті Назарбек Меруерт «Онлайн бизнестің платформасын Қазақстанда жетілдіру мақсаты»баяндамасына және Қазақ Америка университеті Халықаралық Білім Беру Корпорациясы факультетінің  студенттері Сарсенова Галия, Махмутжанова Айбинур «Игромания в цифрах» тақырыбында баяндамаларына   «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан келген құрметті қонақтар жоғары бағасын беріп, қызығушылық танытып осы ғылыми бағытта бірлесе жұмыс жасауға байланысты ұсыныстар жасады.

Маликова Шолпан

«Нархоз университеті» КЕАҚ, Құқық және

мемлекеттік басқару мектебінің

қауымдастырлған прфессоры, з.ғ.к.

С. Адилгазы

«Нархоз университеті» ҚЕАҚ Құқық және мемлекеттік басқару мектебі Заң клиникасының жетекшісі

Сейтжан Айнаш Ануарқызы

«Нархоз университеті» ҚЕАҚ Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің аға оқытушысы, құқық магистрі

Негізсіз баюға жол берілмейді

ҚР Азаматтық кодексiнің 1119-бабының 3-бөлігінде көрсетілгендей, негізсіз баю ұғымы...

Сот актілерін орындау тәртібі және маңызы

Қазақстан Республикасында әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің маңызды элементтерінің...

В Семее осужденные изготовили макет Байтерека своими руками

Байтерек - главный символ столицы Казахстана. Так, в день...

№64 мекемесінде неке қию рәсімі өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №64...

Сотталғандарға амнистияға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ведомстволық мекемелерінде сотталғандарға...