Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау — маңызды мәселелердің бірі. Жеке сот орындаушылары өз қызметін заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырады. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде азаматтардың банк шоттарына, мүлкіне, көлік құралдарына және басқа да құқықтарына қатысты белгілі бір шектеулер мен тыйымдар қойылуы мүмкін. Мұндай шектеулер азаматтардың күнделікті өміріне елеулі әсер етіп, бірқатар қолайсыздықтар туғызатыны белгілі. Осыған байланысты шектеулердің қойылу негіздерін анықтау, олардың заңдылығын тексеру және қажет болған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен алып тастау мәселелері ерекше маңызға ие.
Шектеулерді алып тастау заңда көзделген негіздер мен ресми рәсімдер арқылы ғана жүзеге асырылуға тиіс. Азаматтар бұл мәселені шешу кезінде заң талаптарын басшылыққа алып, тек ресми ақпарат пен құжаттарға сүйенуі қажет. Өкінішке қарай, азаматтардың құқықтық мәселелерін шешуге көмектесеміз деген желеумен белгілі бір ақыға тыйымдар мен шектеулерді алып тастауға уәде беретін адамдарға кезігу қаупі бар. Мұндай тұлғалар өздерінің таныстары немесе байланыстары арқылы мәселені тез шешіп беретінін мәлімдеуі мүмкін. Алайда олардың нақты өкілеттігі мен әрекеттерінің заңдылығы тексерілмейінше, мұндай ұсыныстарға сенім артуға болмайды.
Жеке сот орындаушысы қойған шектеуді заңды негізсіз, тек ауызша келісім немесе делдалға ақша беру арқылы алып тастау мүмкін емес. Мұндай уәделер азаматтарды материалдық шығынға ұшыратып, олардың құқықтық жағдайын одан әрі қиындатуы ықтимал. Сондықтан азаматтарға белгісіз адамдардың қызметіне жүгінген кезде барынша сақ болу ұсынылады. Егер азамат шектеудің негізсіз қойылғанын немесе оның заң талаптарына сәйкес келмейтінін анықтаса, өз құқықтарын қорғаудың заңды тетіктерін пайдалануға құқылы. Атап айтқанда, жеке сот орындаушысынан тиісті қаулылар мен құжаттарды сұратуға, шектеудің негіздерін анықтауға, заңгерлік көмек алуға, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органдарға немесе сотқа жүгінуге болады. Сонымен қатар шектеулерді алып тастауға заңды негіздердің бар-жоғын әрбір нақты жағдай бойынша жеке қарастыру қажет. Себебі атқарушылық іс жүргізудің аяқталуы, берешектің өтелуі немесе өзге де заңды мән-жайлар тиісті рәсімдердің орындалуын талап етеді.
Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және күмәнді делдалдардың әрекеттерінен сақтандыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен міндеттерін біліп, ресми құжаттарды мұқият тексеріп, жеке деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет. Әсіресе банк картасының деректерін, құпиясөздерді, SMS-кодтарды және электрондық цифрлық қолтаңбаны бөгде адамдарға беруге жол берілмеуі тиіс.
Қорытындылай келе, жеке сот орындаушылары қойған тыйымдар мен шектеулерге қатысты кез келген мәселе қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілуі керек. Азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді жолы — заң талаптарын сақтау, ресми органдарға жүгіну және тексерілмеген уәделерге сенбеу.
Заңдылықты сақтау — азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі кепілі. Әрбір азамат құқықтық мәселелерді шешуде жауапкершілік танытып, заңды рәсімдерге басымдық беруі қажет.

Асан Абзал Алимжанұлы, Астана қаласы Әділет Департаменті Жетекші маманы

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...

От образования до внешней политики: чем заинтересовала казахстанцев книга Токаева

Книга Президента Касым-Жомарта Токаева «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»...