12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Съезд міндеттері орындалуымен құнды

Судьялар съезінің тарихы тереңде. 1996 жылдан бастау алатын бұл съезд республика судьяларының басын біріктіретін орта, мәселелерін талқыға салатын алаң, ой-пікірін ортаға салатын мінбер іспеттес. Күні кеше ІХ басқосуы өткен республика судьяларының съездері тарихта алтын әріпппен қалары хақ.

Қарап отырсақ, әр съездің сот жұмысындағы орны айрықша. Араға төрт жыл салып өткізілетін мәртебелі басқосуларда талқыға түспеген, көпшілік назарына салынбаған тақырып аз. Бұл талқы алаңында қаншама өзекті мәселелер зерделеніп, қаншама тапсырмалар мен міндеттер жүктелді. Сот ғимараттарын жаңа технология жетістіктерімен қамтамасыз ету, заманауи құрылғылардың озық үлгілерін еркін меңгеру сотта үлкен серпіліс тудырды. Соның нәтижесінде сот ғимараттары түгелдей дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен жабдықталып, сот процестерін тікелей желіде, жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып қашықтан қарауға жол ашылды.

Жаңашылдықтар судьялардың ғана жұмысын жеңілдетіп, мейлінше жүйелеп қоймай, азаматтардың да сотқа жүгіну мүмкіндіктерін оңтайландырды. Мұндай іргелі өзгеріс жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағым беруден бастап, өзіне қажетті шешім, үкімді шығаруға дейінгі көптеген іс-әрекеттерді сот ғимаратына келмей-ақ қашықтан бақылауға, қашықтан алуға көмектесті. Жыл сайын жаңғыртылып, жаңартылып келе жатқан электрондық қызмет түрлеріне сүйене отырып, сот қағаздарын қашықтан жолдауға, сұрауларға жолданған тіліне қарай жауап беруге мүмкіндік туды. Осындай межелі міндеттер ең алдымен судьялар съезінің алаңында алғаш рет айтылып, қызу талқыланатынына көпшілік куә.

Бүгінгі күнге дейін өткен судьялардың тоғыз съезінің де сот жұмысындағы шоқтығы биік. Осы съездерде көтерілген мәселелердің арқасында қаншама заңдар дайындалып, көптеген заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Әрине, сотты биікке жетелейтін механизмнің бәрі съездерде нақты шешімін тауып келеді. Алдағы уақытта биылғы съезде көтерілген мәселелер де шешімін тауып, әр төрт жыл сайын өтететін съездің маңызын арттыра түсері күмәнсіз.

Б.Даулетова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...