Семейде қауіпсіздігі аралас мекемеде әйелдер қауымы ерекше нақышта құттықталды

Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті №19 мекемесінің офицерлері ұжымдағы әйелдер қауымын ерекше нақышта құттықтады. Офицерлер ұжымдас әйел қауымын таңертең мекеме кіре берісінен гүл шоғымен қарсы алып, жұмыс орындарына көтеріңкі көңіл күймен шығарып салды. Түскі үзілісте салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, онда мекеме бастығының құқығымен әйел қызметкерлер, адал қызметтері мен жоғары көрсеткіштері үшін марапатталды. Іс-шара соңынан арнайы даярланған концерттік бағдарлама тамашаланды.
Бүгінгі мерекені ерекше жақсы көремін. Бұл мерекенің тарихы да, әйел адамдар үшін алатын орны ерекше. Бүгінгі әйел қауымы үшін арнайы даярланған бағдарлама үшін ер азаматтарға алғысымыз шексіз.-дейді мекеменің тәрбие және кадр бөлімінің бастығы Дидар Жумаханова

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...