Семейде ҚАЖ қызметкерлері қала тұрғындары арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білуге арналған блиц-сауалнама жүргізді

Семейде Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖД № 20 мекемесінің қызметкерлері қала тұрғындары арасында блиц-сауалнама жүргізді.
4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. 1992 жылғы маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді.
Мереке қарсаңында мемлекеттік рәміздер туралы білімді арттыру мақсатында мекеме қызметкерлері қала тұрғындары арасында блиц-сауалнама жүргізді. Ол қала тұрғындарының мемлекеттік рәміздер туралы қаншалықты білетінін, олардың маңыздылығын, оларға қалай қарайтынын және олардың мерекеге деген көзқарасын түсінуге бағытталған.
Барлық қатысушылар дұрыс жауаптар үшін кішкентай жалаулар мен тәтті сыйлықтар алды.
-Бүгін бізде сұрақтар бойынша викторина өтті. Қала тұрғындары сұрақтарға жауап беріп, шағын жалаулар мен «Қазақстан» шоколадын алды. Бүгін біз сауалнамаға қатысқан сауалнамаға қатысқандардың шамамен 90 пайызы қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берді. Бұл күні барлық іс – шаралардың мақсаты бір-елдің Туына, Елтаңбасына және Әнұранына құрмет көрсету.

  • Мемлекеттік рәміздердің мемлекет азаматтары үшін, өскелең ұрпақ үшін адамгершілік маңызы зор. Нағыз патриот үшін Ту, Елтаңба тек рәміздер емес, бұл туған жердің үстіндегі аспан мен күн, бұл туған үйдің бейнесі. Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тиіс,- деп атап өтті тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы Динара Карабаева.

Абай облысында жазасын өтеп шыққан сотталғандар отбасыларымен қайта қауышты

Абай облысында ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеген сотталғандар...

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы...