Семей қаласындағы қауіпсіздігі аралас мекеме аумағына есірткі заттарын лақтырмақшы болған азамат ұсталды

Абай облысы бойынша қылмыстық — атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі аралас мекеме аумағына есірткі заттарын лақтыру фактісінің алдын алынды.
Мекеменің № 19 іргелес аймағында, мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері ер адамды ұстады. Ол скотчпен оралған буманы қоршау үстінен ішке лақтыруға тырысқан. Буманы ашқан кезде,ішінен 19 грамнан астам гашиш және 55 грамнан астам марихуана есірткі заттары табылды.
Осы факті бойынша Семей қаласы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұсталған адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп атап өтті жедел бөлім бастығы Ельжас Айткалиев.
Естеріңізге сала кетейік, есірткі заттарын заңсыз жібергені не өткізгені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қарастырылған.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...