Семей колонияларының бірінде сотталғандардың туыстары үшін ашық есік күні өткізілді

Семей қаласында орналасқан колониялардың бірінде сотталғандардың туыстары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға еліміздің әр облысыннан сотталғандардың туыстары келді. Олар мекеме аумағын, сотталғандардың тұрғын үй-жайларын, асхананы аралады. Іс-шара соңында сотталғандар туыстарымен мекеме кітапханасында жеке әңгімелесіп, базарлықтарымен бөлісуге мүмкіндік алды.
Колониялардағы Ашық есік күнінің басты мақсаты сотталғандардың туыстары мен мекеме әкімшілігі арасында сенімді қарым-қатынас орнату, пенитенциарлық процеске «ашықтық» қағидатын енгізу, сотталғандардың тәрбие процесін ұйымдастыруға және олардың орындалуына қоғамдық бақылауға туыстарының қатысу міндеттерін анықтау болып табылады. Сонымен қатар, осы іс-шаралар арқылы жұртшылық мекеменің өмірімен, колонияның ішкі регламентімен, жазаны өтеу жағдайларымен, еңбекпен, шығармашылық және спорттық өмірмен танысуға мүмкіндік алды, — дейді тәрбие бөлім бастығы Асхат Керимханов

700-ге жуық қазақстандық бір айда ХҚКО-ларда цифрлық сауаттылықты үйренді

Наурыз айынан бастап ХҚКО-ларда цифрлық сауаттылық бойынша оқыту курстары...

Темные схемы дропперов 

ИНТЕРНЕТ ПРОЧНО ВОШЕЛ В НАШУ ЖИЗНЬ, СТАВ ПРИ ЭТОМ...

«Таза Қазақстан»: обращения граждан продолжают непрерывно приниматься через Telegram-бот

В Казахстане в рамках акции «Таза Қазақстан» продолжает работуTelegram-чат-бот...

ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ТҰҢҒЫШ ТОЛЫҚМЕТРАЖДЫ МУЛЬФИЛЬМ ӘЗІРЛЕНДІ

Қалың көрерменнің қатысуымен тұсауы кесілген бұл өнім - «Түркістан...