ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ТҰҢҒЫШ ТОЛЫҚМЕТРАЖДЫ МУЛЬФИЛЬМ ӘЗІРЛЕНДІ

Қалың көрерменнің қатысуымен тұсауы кесілген бұл өнім — «Түркістан сақшылары» деп аталады. Turkistan телеарнасы әзірлеген жаңа туындынының мазмұны туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, тарихи-мәдени мұраға құрмет сезімін қалыптастыру және патриоттық тәрбиені күшейту көзделген. Мультфильм сюжеті арқылы жас көрермендерге тазалық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және жауапкершілік қағидаттары түсіндіріледі.

Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыс прокурорының орынбасары Даулет Тлемисов, сондай-ақ жоба авторлары және телеарнаның серіктестері мен қоғам белсенділері қатысты.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән бере отырып: «Біз еңбекқор, білімді, отаншыл әрі заманауи технологияларды меңгерген ұрпақ тәрбиелеуіміз керек» деп атап өткен болатын. Осы ретте биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланып, жаңа технологияларға негізделген даму кезеңі басталды. Бұл – келешек ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуына жасалған нақты қадам. Түркістан – жай ғана қала емес. Бұл – ғасырлар бойы түркі дүниесінің рухани өзегіне айналған киелі мекен. Мұнда тарихтың ізі сайрап жатыр, бабалар рухы сезіледі. Осындай қасиетті өлкеде өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына туған жерге деген сүйіспеншілік пен тарихқа құрметті бала кезден сіңіру – ортақ міндетіміз. «Түркістан сақшылары» мультфильмі – тәрбиелік маңызы зор жоба. Бұл туынды жас көрермендерді туған жерін сүюге, ел тарихын құрметтеуге, адалдық пен әділдікке, достық пен бірлікке үндейді, – деді ол. 

Шара барысында мультфильмнің тизері көрсетіліп, кейін толық нұсқасы көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар балаларға арналған интерактив ойындар мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, мультфильм кейіпкерлері бейнесіндегі аниматорлар балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Мультфильмнің жалпы ұзақтығы – 50 минут.

Айта кетейік, бұл жоба Қазақстанда жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып отыр. Анимациялық туындыда заманауи технологиялардың мүмкіндіктері қолданылып, балаларға арналған мазмұн жаңа форматта ұсынылған.

«Түркістан сақшылары» – тек анимациялық өнім ғана емес, бұл – тәрбиелік мәні жоғары, қоғамдағы тәртіп, заңға құрмет және адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын маңызды әлеуметтік жоба.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...