12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сауран аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандар да «Таза Қазақстан» акциясына белсене атсалысуда

Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында жуырда Сауран ауданы әкімдігінің аумағы көгалдандырылды. Аймаққа арнайы топырақ пен органикалық тыңайтқыш көмегімен көпжылдық 400 дана роза және 8500 дана бегоня, циния, ганцания және бархитца секілді гүл түрлері отырғызылды.
Елімізде жүргізіліп отырған «таза Қазақстан» акциясына Сауран аудандық пробация қызметінің қызметкерлері мен пробация есебінде тұрған сотталғандар да өз үлестерін қосуда. Олар аудан орталығы мен әкімшілік аумағын қоқыстан тазартып, арық-атыздарды тазартып, жеміс және сәндік ағаштар отырғызды.

Бәрімізге белгілі, біздің Сауран ауданы облысқа жақын орналасқандықтан, мұнда табан тірейтін тұрғындар да көп. Сондықтан ұдайы айналаны таза ұстап, аудан тазалығына атсалысу – баршамыздың борышымыз. Бұл әрбіріміздің көңілімізге қуаныш сыйлайды. Ал тап осындай шаралар өскелең ұрпақты тал бесіктен тазалыққа, тәртіпке тәрбиелейді. Сондықтан баршамыз экологиялық жауапкершілікті сезіне білуіміз тиіс, — деді Сауран аудандық Пробация қызметінің бастығы Абылай Темірханұлы. Экоакцияның үшінші «Жасыл аймақ» апталығында аудан аумағында көгалдандыру жұмыстарымен қатар, тазалық, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс-шарада түрлі-түсті гүлдерден бөлек, талдар да отырғызылды. Аймақты жасыл желекке ораған «Таза Қазақстан» экоакциясы бұл жұмыстарға айрықша серпін беріп, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Сауран аудандық пробация қызметіне өзімнің қателігімнің салдарынан бақылауға алындым. Біз ауданымыздың көрнекті жерлерін тазалып, ағштар мен гүлдер отырғыздық, тазалық әрбір адам үшін керек. осы ауданның ауасын жұтып, суын ішіп жүргенен кейін тазалық сақтауымыз керек. «Тазалық денсаулық кепілі» деп бекер айтылмаса керек. өскелең ұрпаққа да тазалық сақтау қажет екенін үйретуіміз керек. сол арқылы өзгенің еңбегін құрметтеуді үйренеді. Осы сенбіліктен кейін көше тазалайтын маман иелерінің жұмысын түсіндім, — деді Сауран аудандық пробация есебінде тұрған Ержан.
Айта кетейік, экоакция басталған күннен бүгінге дейін Сауран ауданындағы 117 көше бойлары тазаланып, 24 саябақ пен аллеяда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Екі мыңға жуық ретсіз өскен бұталар қырқылып, талдардың түптері әктелді. Жалпы ұзындығы 42,7 шақырым аяқжолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді. Көпірлердің, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың 11,3 шақырым арналары мен 32,1 шақырым ирригация жүйелері тазаланды. Сонымен қатар 4700-ге жуық көшет отырғызылып, 597,5 тонна қоқыс шығарылды.

Сотталғандарға әлеуметтік тұрғыдан бейімделуге барынша көмек көрсету — басты назарда

Пробация қызметінің мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айырылған...

В суде был проведен показательный процесс с участием осужденных, состоящих на учете в службе пробации

В целях предупреждения повторного совершения осужденными преступлений по инициативе...

Сотқа пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың қатыстырыла отырып, көрнекі процесс өткізілді

Сотталғандардың қайталап қылмыс жасауының алдын алу мақсатында Алмалы ауданы...

«Жалғыздық үкім емес» тақырыбында тренинг өтті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...