12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«САУ БАСЫМЫЗҒА САҚИНА ТІЛЕП АЛМАЙЫҚ»

ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ КОРОНАВИРУС ІНДЕТІ ТАРАЛҒАНҒА ДЕЙІН-АҚ ӘЛЕМНІҢ КӨПТЕГЕН ЕЛДЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМІНДЕГІ ҮЛЕСІ 10-НАН 80 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН ЖЕТКЕН ЕДІ. ЕНДІ ОНЫҢ АЛДАҒЫ 1-2 ЖЫЛДА БҰРЫНҒЫ ҚАЛПЫНА ҚАЙТА КЕЛУІ КҮМӘНДІ. САРАПШЫЛАР ӘЛЕМДІК ТУРИЗМДЕ 75 МЛН АДАМ ЖҰМЫС ОРНЫНАН АЙЫРЫЛУЫ МҮМКІН ЕКЕНІН ЕСЕПТЕП ОТЫР. ӨЙТКЕНІ, ТУРИЗМ ЭКОНОМИКАНЫҢ 60 САЛАСЫМЕН ТІКЕЛЕЙ ЖӘНЕ ЖАНАМА ҚАТЫНАСТА. СОНДЫҚТАН, ОНДАҒЫ ШЫҒЫНДЫ ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ МЛРД-ТАП ЕМЕС, ТРЛН-ДАП ЕСЕПТЕУГЕ БОЛАДЫ.

Мәселен наурыздың екінші онкүндігінде шығынның көлемі жыл басынан бері 600 млн долларды құрағаны жарияланды. Енді жыл соңына дейін бұл сан 1 трлн долларды құрауы мүмкін деген болжам бар. НАФИ талдау орталығы да жеке кәсіпкерлер мен ШОБ қожайындары арасында 28 наурыз бен 3 сәуір аралығында
коронавирус инфекциясының таралуынан ең көп зардап шегетін салаға қатысты сауалнама жүргізген. Онда қатысушылардың 37 пайызы қоғамдық тамақтану, 34 пайызы туризм, 26 пайызы сауда, 22 пайызы қызмет көрсету, 18 пайызы көңіл көтеру, 17 пайызы көлік нарығы, логистика және жүк тасымалы көп зиян шегеді деп жауап берген. Экономиканың құрылымы ұқсас болғандықтан Ресейдегі бұл жағдай Қазақстанға да тән деуге болады. Өйткені, жалпы ішкі өнімдегі туризмнің үлесін 10 пайызға жеткізудің өзі ізде алдағы 5 жылдықтың еншісіне қалып отыр. Жылына 200 млрд теңге кіріс кіргізуді жоспарлап жүрген бұл саланың былтыр жалпы ішкі өнімдегі үлесі 5,6 пайызды құрады. Ал, оған салынған инвестицияның көлемі 153,7 млрд теңгеге жетті. Сондай-ақ, туристердің 9 айдың ішінде қонып шығу үшін ғана жұмсаған қаржысы 92,1 млрд теңгені құрады. «Туристік қамқор» қорының есебі бойынша тек 26 туроператордың ғана клиенттер алдындағы сәуірге дейінгі қарызы 3,8 млрд теңгені құрап, олар үкіметтен көмек сұрауға мәжбүр болды.
Дегенмен осы арада бұл клиенттердің туроператор көмегіне өз елімізде емес, шетелде демалу үшін жүгінгенін де айта кеткен жөн шығар. Тіпті соңғы мәліметтер бойынша үкіметтің ескертуіне қарамастан 27 ақпаннан кейін сапарлауын тоқтатпаған адамның саны 400 мыңнан асып жығылған. Ал, оларды кейін елге қайтару үшін еліміз «Туристік қамқор» қорының ғана емес, ел бюджетінен де қосымша қаржы жұмсап жатқаны бүгінде ешкімге құпия емес. Әрине, мұндай «қызыққұмар» жандардың арасында коронавирус індетін өзі ғана жұқтырып қоймай, өзге адамдарға да жұқтырғандар табылып, жұртшылық арасында түрлі пікірталастың
туындауына түрткі болғанын да жасыруға болмас.
Жалпы шетелге сапарлаушылардың көптігі бұрын әуетасымалдаушылар үшін де табыстың бір көзі болып келген еді. Енді індеттің таралуынан кейін олар да өздерінің ұшу сапарын өзгертуге немесе тоқтатуға мәжбүр болып отыр. Мәселен, қазақстандық әуетасымалдаушылар арасынан жыл соңына дейін «Скат» 84,6 млрд теңге, «Эйр Астана» 148,4 млрд теңге жоғалтпақ. Әдетте ай сайын 80 млн доллар табыс тауып отырған «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостердің айтуынша, наурыз-сәуір айларында жоспарланған 7350 рейстен олардың қазіргі таңдағы шығынының өзі 160 млн долларға жуықтаған. Сондықтан, туризмнің шығынын есептеген кезде бұл салаға тікелей және жамана қатысы бар өзге 60 саланың барын естен шығармаған жөн шығар. Еурокомиссия Еуропалық Одақ елдеріне сапар шегуге шектеуді 15 мамырға дейін созуды ұсынды. Ал, Түркияның туризм министрлігі жаңа маусымның ашылуын мамырдың аяғына қалдырғанын хабарлады. Жалпы шетелдік туристер үшін өз есігін ең бірінші боп жапқан – Еуропа елдері. Енді оны Армения тек 2021 жылдың екінші жартысында ғана ашатынын жариялап отыр. Өзге еуропалық елдер де жазғы маусымды шетелдіктерсіз өткізуге қам жасай бастады. Сондықтан, Дүниежүзілік туристік ұйым алдағы 1-2 жылда шетелдік туристер ағыны тоқтайтынын, дегенмен бұл кейбір мемлекеттер үшін ішкі туризмді дамытуға жаңа серпін береді деп үміт артуда. Егер 2019 жылы Қазақстанға шетелден 8,5 млн турист келгенін және оның 7,8 млн-ы ТМДдан екенін, тек 666 429-ы ғана шалғайдағы алыс мемлекеттер өкілдері болғанын ескерсек, биыл бұлардың саны қанша боларын болжаудың өзі қиын.
Дегенмен, осы арада бұрыннан-ақ демалысын Қазақстанда өткізуді қалайтын ресейліктердің барын ұмытпаған жөн сияқты. Өйткені, бізге сырттан келетін туристердің көбі осы елдің өкілдері. Сондай-ақ, әлеуметтік зерттеулердің қорытындысына қарағанда ресейліктер үшін бағасы ең қолайлы елдердің бестігіне
Индонезия, Армения, Қазақстан және Өзбекстан кіреді екен. Армения туризм нарығын шетелдіктер үшін ашуды 2021 жылға қалдырғандықтан өзге 4 елдің ішінде біздің пайымдауымызша Қазақстанның мүмкіндігі басымырақ сияқты көрінеді. Өйткені, былтыр сырттан Қазақстанға – 8 514 993, Өзбекстанға – 6 748 512
адам саяхаттап келген. Сырттан баратындар арасынан Қазақстанда ресейліктер, Өзбекстанда қазақстандықтар басым болған. Егер Өзбекстан былтыр шетелдіктер үшін саяхаттың кез келген түрі бойынша бағаны күрт көтеріп жібергенін ескерсек, біздегі ресейлік туристер ағыны биыл да жоғары болуы мүмкін деген болжам бар. Бірақ, шекарада коронавирусқа қарсы тексеру жұмысын күшейтпесек, туризмнен табыс табамыз деп жүріп сау басымызға тағы сақина тілеп алуымыз да әбден ықтимал.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

[ratings]

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.