Қазақстанда 10 жаңа су қоймасы салынады

Келесі жылы Жамбыл облысында екі жаңа су қоймасының құрылысы басталады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізді. 2028 жылға дейінгі су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес Жамбыл облысында 10 жаңа су қоймасы салынып, жұмыс істеп тұрған 3 су қоймасы реконструкциядан өтеді. Сондай-ақ, 45 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізу жоспарланған.

Министрлік келесі жылы Ақмола және Қалғұты су қоймаларының құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Теріс-Ащыбұлақ және Қарақоңыз су қоймалары реконструкциядан өтеді. Ал облыс әкімдігі 7 жаңа су қоймасының жобалау-сметалық құжатын әзірлеумен айналысып жатыр.

Министрдің сөзінше, қазір 415 шақырым болатын 76 каналды жаңғырту жобасы әзірленіп жатыр. Бұл шара 24 877 гектар жерге су жеткізуді жақсартады. Сонымен қатар, өңірде 23 суару каналын реконструкциялау жобасы аяқталуға жақын. Нәтижесінде 19 746 гектар егістікке су беру жақсарады.

Биыл жыл аяғына дейін ұзындығы 103 шақырымнан асатын 5 каналды реконструкциялау жобасын аяқтау жоспарланып отыр.

Салтанат Нүкенова ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады 

Салтанат Нүкенова ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шықты. Мұндай шешімнің себебі неде?

127 мың талапкер, 75 мың грант: Биылғы конкурс қалай өтеді?

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қай санатта?

Өзін-өзі жұмыспен қам­тыған адам – жаңа Салық кодексіндегі экономикалық белсенді азамат­тардың жаңа санаты. Оған дербес қызмет көрсететін немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жұмыс істейтін, жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын және салық заңнамасында белгіленген шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар жатады.

Мемлекет басшысы бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін тағайындады 

Қазақстанның бірнеше елдегі дипломатиялық корпусында кадрлық өзгеріс болды. Президент жаңа елшілерді тағайындап, бірқатар дипломатты қызметінен босатты.

Үкімет Алакөлде жағалауды қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлді 

Мамандардың айтуынша, жоба Алакөл жағалауының одан әрі шайылуының алдын алып, көлдегі шөгінділердің табиғи қозғалысы мен қайта бөліну процесін сақтауға мүмкіндік береді.