МӘМС-ке төлеген ақшаны шешіп алуға бола ма?

Бұл сұрақ ай сайын еңбекақысынан жарна төлеп жүрген көптеген азаматты мазалайтыны жасырын емес. Көпшіліктің ойында: «Мен бұл жүйені пайдаланбасам, неге ақшамды қайтарып ала алмаймын?» деген күмән да жоқ емес. Көптің көкейін тескен сауалға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Құлсейітов жауап беріп, жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, жүйе – ынтымақтастық қағидатымен жұмыс істейді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға тұрақты жарна төлейтін азамат тек заң талабын орындап қоймайды. Ол өзі пайдаланбаса да, медициналық көмекке мұқтаж басқа біреуге қолдау көрсетіп отыр. МӘМС-тің түпкі мақсаты да осы: ортақ жарна, ортақ сенім және барлығына бірдей қолжетімді медициналық көмек, — деп атап өтті қор басшысы.

Сонымен қатар ол азаматтардың өз құқықтарын білудің қаншалықты маңызды екендігін алға тартты.

МӘМС-ке тұрақты түрде жарна төлеп жүрген азаматтар заң алдындағы міндетін орындап отыр. Сондықтан сақтандырылған адамдар өз құқықтарын біліп, ақылы қызметке жүгінбеуі тиіс. Бұл жүйенің басты мақсаты – ортақ жауапкершілік арқылы бір-біріне қолдау көрсету. Егер сақтандырылған адам медициналық көмекке жүгінбесе, оның төлеген жарнасы мұқтаж жандарды емдеуге жұмсалады. Бұл қазақтың «асар» дәстүрімен ұқсас: әркім мүмкіндігіне қарай үлес қосады, бірақ көмек барлығына бірдей берілетін ортақ жүйе, — деді Айдын Жеңісұлы.

Қорға түскен қаражат қайда кетеді?

Кей азаматтар МӘМС жарналары Қордың өз шотына түседі және ол қаражатты Қор өз қалауы бойынша пайдаланады деп ойлайды.

Бұл – қате түсінік. Қазақстандағы міндетті сақтандыру моделі бойынша МӘМС қаражаты Ұлттық банктегі арнайы бірыңғай шотқа жиналады. Сол жерден қаржы азаматтың қандай санатқа жататынына, қанша уақыт немесе қанша ақша төлегеніне қарамай, көрсетілген медициналық қызмет үшін ғана бөлінеді, — дейді Айдын Құлсейітов.

Сондай-ақ қор басшысы МӘМС-тің қай кезде тиімді болуы мүмкін екендігін мысалмен түсіндірді.

Жеке төлеушілер ай сайын 4250 теңге аударады, яғни жылына 51 мың теңге шығады. Егер әркімнің жеке жинақталатын шоты болғанда, бұл сомамен қымбат талдауларды жасату немесе күрделі операцияларды төлеу мүмкін болмас еді. Мысалы, бір адам тізе буынын ауыстыру операциясын жасатқаннан кейін бірнеше рет оңалту курсынан өтуі керек. Мұның бәрін жеке қаражатымен төлесе, шамамен 4 миллион теңге кетер еді. Ал сақтандырылған мәртебесі бар адам бұл қызметтердің барлығын МӘМС есебінен алады, — дейді қор басшысы.

Последнее слово – за избирателем

23 АВГУСТА В КАЗАХСТАНЕ СОСТОЯТСЯ ПЕРВЫЕ ВЫБОРЫ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. ПОКА ПАРТИИ ПРОДОЛЖАЮТ АГИТАЦИЮ, ИЗБИРАТЕЛИ ПОЛУЧАЮТ ВОЗМОЖНОСТЬ СРАВНИТЬ ИХ ПРОГРАММЫ И ПОЗИЦИИ, А ЭКСПЕРТЫ ОЦЕНИВАЮТ ВОЗМОЖНУЮ ЯВКУ. ОДНОВРЕМЕННО ФОРМИРУЕТСЯ И СИСТЕМА НАБЛЮДЕНИЯ ЗА ГОЛОСОВАНИЕМ.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады

2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады.

Ел аумағында бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді 

Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстандықтар қыркүйек айында қанша күн демалады? 

2026 жылдың қыркүйек айында қосымша демалыс күндері болмайды. Қазақстанда бұл ай әдеттегі жұмыс кестесімен өтеді.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандады 

Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 42 центке (0,47%) төмендеп, барреліне 88,56 долларды құрады.