12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сапалы білім беру-ҚазҰУ оқытушыларының басты мақсаты

    Білім беру – кез келген қоғамның дамуының негізі. Елдің әлеуметтік, экономикалық, және мәдени тұрғыда өсуі мен гүлденуі көбінесе оның білім беру жүйесінің сапасына тікелей байланысты. Бұл ретте сапалы білім беру басты міндетке айналады, өйткені білім беру жүйесінің деңгейі жоғары болған сайын, ол қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттырып, мемлекеттің халықаралық аренада бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары  концепциясының 4 бөлімі -сапалы  білім.Елімізде сапалы білім беру мәселесі алдыңғы қатарда тұр, және бұл міндетті жүзеге асыру үшін үлкен жұмыс атқарылуда.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да сапалы білім беруді басты назарға алды.Сапалы білім беру – бұл тек теориялық біліммен ғана шектелмей, сонымен бірге студенттердің практикалық дағдыларын дамыту, шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу мүмкіндіктерін ұсыну болып табылады. Білім беру сапасы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Жоғары сапалы білім алған жас буын болашақта елдің әртүрлі салаларында қызмет етіп, өз ісінің кәсіби маманы болады, ал бұл қоғамда әділдік пен тұрақтылықтың орнауына көмектеседі. Сапалы білімнің басты мақсаты-білім алушыларды болашақта күрделі жағдайларға тап болғанда дұрыс шешім қабылдай алатын, өз бетінше ойлайтын және жауапкершілікті сезінетін тұлғалар етіп тәрбиелеу. Бұл өз кезегінде еліміздің ұлттық қауіпсіздігін және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жол ашады.

    Қазақстан білім беру жүйесінің сапасын жақсарту бағытында үлкен қадамдар жасауда. Елде білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру мақсатында көптеген реформалар жүргізілуде. Білім беруді жаңғырту мен дамыту – еліміздің алдағы онжылдықтардағы басты стратегиялық мақсаттарының бірі. Қазақ Ұлттық университеті сапалы білім беру бағытында үздік тәжірибелерді енгізу және халықаралық талаптарға сәйкес оқу бағдарламаларын жаңарту жұмыстарын жүргізуде.Қазіргі уақытта ҚазҰУ-дың білім беру жүйесі  тек теориялық білім берумен шектелмей, сонымен бірге оларды болашақ жұмыс орындарында қолданылатын практикалық дағдылармен, жаңа технологияларды пайдалану қабілеттерімен қамтамасыз етуге тырысады. Осылайша, студенттер өздері таңдаған мамандықтар бойынша үздік мамандарға айналып, білімдерін нақты өмірде пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Сапалы білім берудің негізгі факторларының бірі – оқытушылардың кәсіби деңгейі. 

     Сапалы білім беру – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі. Ол қоғамды жаңғыртып, халықтың өмір сүру сапасын арттырады, сондай-ақ ұлттың интеллектуалдық әлеуетін күшейтеді. Бүгінде елімізде білім беру сапасын арттыру мақсатында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жолда білім беру жүйесінің жаңғыруы, жаңа технологияларды енгізу және оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру маңызды міндет болып табылады. Тек сапалы білім беру арқылы біз болашақта экономикалық және әлеуметтік дамудың жаңа биіктеріне жетеміз, әрі халықаралық аренада өз орнымызды нығайта аламыз.

Калымбек Б

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының  заң ғылымдарының кандидаты,қауымдастырылған профессор

Надежный гарант трудовых прав

Первый вице-министр труда и социальной защиты населения РК Аскарбек...

Удобства в сфере услуг

Развитие цифровизации, создание инновационной инфраструктуры в Шымкенте набирают популярность,...

Водный потенциал

Для успешного развития регионов необходима соответствующая инженерная инфраструктура. Это...

Новые объекты культурного наследия

СТАЛО ИЗВЕСТНО, ЧТО В СЕНТЯБРЕ ЭТОГО ГОДА В КАЗАХСТАН...

Вплоть до пожизненного заключения

Стало известно, что в Туркестанской области за первое полугодие...