ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚҰРАЛ ҒАНА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының жаңа кезеңін айқындады. Оның ішінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу – білім беру саласы үшін ерекше маңызға ие.

Президент ЖИ-ді дамыту мен енгізуді жеделдету мақсатында арнайы министрлік құрды. Бұл құрылым еліміздегі ЖИ саласындағы барлық бастамаларды жүйелі түрде үйлестіріп, оның білім беру, ғылым, экономика сынды негізгі салаларда тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстанның инновациялық әлеуетін арттыруға және цифрлық трансформацияны тереңдетуге бағытталған маңызды стратегиялық қадам.

Жалпы жасанды интеллект білім беру саласына оң ықпалын тигізе алады. Мәселен, ЖИ технологиясы білім берудегі теңсіздікті азайтуға көмектеседі. Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім берудегі сапа айырмашылығын қысқартуға үлкен мүмкіндік бар. Екіншіден, оқушыларға жекелей білім беру жүйесін қалыптастыруға болады. Яғни, әр оқушының қабілеті мен даму деңгейіне қарай жеке оқу траекториясын ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл – оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылардың мотивациясын күшейтеді. Білім сапасын арттырып, оқушылардың жеке қажеттіліктеріне сай бағыт беру арқылы оқыту тиімділігін жоғарылатады.

Дегенмен, педагог қызметін толықтай жасанды интеллект алмастыра алмайтыны ақиқат. Мұғалімнің рухани және интеллектуалдық жауапкершілігі білім беру жүйесінің жүрегі. Сондықтан ЖИ – бұл мұғалімдердің қызметін қолдайтын, олардың мүмкіндіктерін кеңейтетін құрал ретінде қарастырылуы тиіс. Жасанды интеллект білімді дамыту мен таратуға оң ықпал етіп, заманауи білім жүйесінің маңызды құрамдас бөлігіне айнала алады. Бірақ, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, оның эмоционалды қолдауы, тұлғалық дамуға қосар үлесі – ЖИ ешқашан орындай алмайтын рөлдер. Сондықтан ЖИ – педагогтың орнын басатын емес, керісінше, оның жұмысын жеңілдететін, мүмкіндігін кеңейтетін жүйе.

Министрліктің ашылуы бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі әрі мақсатты жүргізілуін қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Білім беру басқармалары ЖИ технологиясын енгізуде бастамашы әрі үйлестіруші рөл атқарады. Біріншіден, инфрақұрылымдық дайындық – мектептердегі цифрлық құрал-жабдықтар мен интернет қолжетімділігі. Екіншіден, педагогтарды жаңа технологиямен жұмыс істеуге даярлау – арнайы курстар, семинарлар өткізу. Үшіншіден, ЖИ-ді адамгершілікке, ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру моделіне сай қолдану мәселесі. Яғни технологияны енгізу – мақсат емес, сапалы білім берудің құралы екенін ұмытпауымыз керек.

Қазіргі уақытта Абай университетінде мұғалімдерге арналған оқыту курстарын дайындау, ЖИ негізінде оқу платформаларын сынақтан өткізу, мектептерге қажетті техникалық базаны жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ең бастысы – білім беру жүйесінде технология мен адами капиталдың үйлесімін сақтап, оқушы мүддесін бірінші орынға қою.

Есен БИДАЙБЕКОВ,

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры

Елордада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды

Елордадағы «Barys Arena» спорт кешенінде Counter-Strike 2 бойынша PGL...

Международный турнир PGL Astana 2026 стартовал в столице

В столичном спортивном комплексе «Barys Arena» проходит международный турнир...

Почему живодеры редко останавливаются на животных

КАЖДЫЙ РАЗ ЭТО ПРОИСХОДИТ ОДИНАКОВО, КОГДА В ЛЕНТЕ ПОЯВЛЯЕТСЯ...

Путеводная звезда государства и общества 

Конституционная реформа 2026 года, как выражение единой народной воли,...

Приоритетность задач 

ИНИЦИАТИВА ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЯВЛЯЕТСЯ ОДНИМ ИЗ ОСНОВОПОЛАГАЮЩИХ...