12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сандық технология сот жүйесінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйек айында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Бұл үндеуі арқылы Президентіміз еліміздегі барлық саланың сандық технологияға бейімделуінің игілігі мол екеніне үндеген болатын. Осы орайда атап өтер жайт, еліміздің сот жүйесі сандық технологияға бейімделіп, жүйені оңтайландырғалы бірнеше жыл болды.

Нәтижесінде көптеген қызметтер автоматтандырылып, жемқорлықтың жолы кесіліп, қоғамда ашықтық пен жариялылық қағидалары үстемдік құра бастады. Қазақстандықтардың көптеген қызметтерді үйденалуына жол ашылды. Әсіресе еліміздің цифрлы жүйеге бет бұруының игілігін карантиндік кезеңде анық сезіндік. Халық әлеуметтік ара-қашықтықты сақтай отырып, қажет еткен қызметтерді үйде онлайн алып, цифрлы жүйенің қолжетімділігі арта түсті. Әсіресе сот саласының цифрлы технологияларға жедел түрде бет бұруы сот пен халықтың арасын жақындата түсіп, карантиндік кезеңде де сот отырыстарының кейінге шегерілмей дер кезінде сот шешімдерін шығарып отыруына жол ашты.

Сот жүйесінің жұмысын жеңілдеткен заманауи технологиялар халық тарапынан да жоғары баға алуда. Күн өткен сайын сервисті пайдаланушылар оның ыңғайлылығы мен тиімділігіне орай ризашылықтарын білдіруде. Дегенмен сот саласының мамандары аталмыш жүйелерді оңтайландырып, халыққа ыңғайлап, жаңғырту үстінде. Соның дәлелі бұл сервистердің мобильді нұсқасы іске қосылып, қолданысқа енгізілуде. Өйткені қазір халық қолындағы ұялы телефон арқылы көп ісін бітіріп, мобильдік байланысты белсенді қолдануда. Соған орай қазіргі таңда процесс қатысушыларына сот отырысының орны мен уақыты туралы СМС-хабарлама арқылы хабардар ету механизмі іске қосылған. Алдын ала арнайы хабарламаның келуі процеске қатысушыларға уақытын жоспарлауға, сот отырысына кешікпеуіне мүмкіндік береді. Жаңа технологиялардың қайсысы болмасын сот жүйесін жүйелеуге мүмкіндік бере отырып, барлық процестерді айқын және түсінікті етуге, құжаттармен жұмыс істеу кезінде адам факторын азайтуға, халықтың сотқа деген сенімімен арттыруға, сот қызметтерін қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Саланы қағазбастылықтан арылтып, сол арқылы хат пен құжат тасу қызметіне кететін шығындарды азайтуға септігін тигізуде. Электронды құжат түрінде сақталған сот істері де саланың архивтендіру кезіндегі жұмысын жеңілдетуде.

Саладағы жемқорлықтың жолын кесуге мүмкіндік беріп, ашықтық әкелген, уақыт пен қаржыны үнемдеуге жол ашатын заманауи технологиялардан алдағы уақытта да күтер игілігіміз көп.

Карменова Адель Серікқызы, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының бас маман — сот отырысының хатшысы

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...