Сайтан аулаушылар

Ол өте баяу қимылдағанымен суырдай сақ. Өз ісін асқан шеберлікпен орындапты. Мұнысын құдды «Мона Лизаны» бейнелеген Леонардо да Винчидің еңбегіне пара-пар деп теңестіру əсте артықтық етпес. Көрген көпшілік тек таңырқап, таңдай қағумен болды. Естігендерді де елең еткізбей қоймады. Сериялық кісі өліміне ұқсас аса күрделі қылмыс. Бірақ өте жұмбақ. Полиция қызметкерлерінің болжамына сүйенсек, бұл жалғыз адамның жұмысы емес. Ал егер бұл жалғыз адамның жұмысы болар болса, əрине, ол – гений болғаны. Жоқ, ол – таңғажайып. Жоқ, мүмкін ол ібіліс болар… Оиа осылай басталан болатын… Түн қаракөк реңге өзгере бастаған тұста, Желтоқсан көшесінің бойындағы саябақтан егде жастағы əйел адамның шыңғырған ащы дауысы естілді дейді құлағы шалғандар. Бұл дауыс сол маңайда тұратын тұрғындардың құлағына түрпідей тиіпті. Куəлардың айтуынша, бұл – өмір үшін күрескен жанның ақтық үні секілді. Бірақ полиция қызметкерлері бұл жерден қылмыскерге қатысты күдік тудыратын ештеңе таппады. Тіпті өлген мүрде де жоқ. Тамшыдай қан болса қайтерсің?! Сол көшенің бойындағы бейнекамералар да күдікке ілінер ештеңе байқай алмаған. Ешқандай көлік аялдамаған. Бірақ бəрінің айтуынша, дауыс саябақтан шыққаны анық. Бұл өте қызық. Айғаққа жарайтын ештеңе табылмағасын, бұл оқиға оп-оңай ұмытылып кетті. Бірақ арада бір апта өткен соң, бұл оқиға Назарбаев көшесінің бойындағы бір саябақта қайталанғаны туралы жақын маңдағы бөлімшенің біріне шұғыл хабар келіп түсті. Тағы да сол дауыс. Тағы да тырнақтай белгісі жоқ жұмбақ жағдай. Бұл оқиға Гагарин көшесіндегі саябақта үшінші рет қайталанғанда ғана барып, нағыз тісқаққан агенттердің назарын аудара бастады. * * * Ішкі істер бөлімі. Қуықтай қуыс бөлменің іші. Қоңыр күртесіне шылымның иісі əбден сіңген мығым денелі, туфлиі шарға салған қанжардай ұшы мүжілген, қара шашы артқа қарай қоғадай жапырылған, өзін қоңыркөзділердің ішіндегі ең сұлуы санайтын Дидар темекісін мұң сорғандай ауыр шегіп, философтарша терең ойланып, темір тақтадағы магниттермен жапсырылған қылмыстарға асықпай қарап, көз жүгірте бастады. Оның жанында ұзын бойлы, көзілдірігін күндіз-түні тастамайтын, сабырсыз əріптесі Қанат та қақшиып отыр. – Дидар, бұл қылмыстардың ішінде қайсысы сені қызықтыра алды? Мысалы, маған анау адамжегіш маньяктың қылмысы жантүршігерлік болған еді. Өте жиіркенішті. Мұны хайуандық деу ге де болады ғой. Ал хайуандарды тек аңшылар ұстайды. Бізге адамдарды ұстау керек. – Ха-ха-ха! Қанат досым, сен білесің бе, адам деген сөздің құны қаншалықты биікте екендігін? Адам ешқашан қылмыс жасамайды. Қылмысты тек хайуандар ғана жасайды. – Расымен-ақ, – деп Қанат ескі əдетіне салып үнсіз ойланып қалды. Ара-тұра Дидардың жауабына таңданысын жасыра алмай, басын шайқап қояды. – Шынымды айтсам, осы уақытқа дейін мені бірде-бір қылмыс қатты қызықтыра қоймапты. Барлығы дерлік орасан зор ақымақтықтарға жиі жол береді. Бірақ мынау суреттегі тонау оқиғасы ше? – деп Дидар беттерін қара бетпердемен бүркемелеп, қоңыр жəне қара түсті сөмкелерін арқалана жол жиегіндегі көлікке бағыт алып қашып бара жатқан төрт адамның суретін тақтадан алып, үстелдің үстіне қойды. – Маған осы қылмыстық оқиға аздап қызық болған. – Қане, баяндап берші. Бұл – бір жұртшылықты таңғалдырған тонау сияқты ғой өзі?! – деді Қанат. – Таңғалдырды деймісің? Сөзіңнің жаны бар, достым. Бұл қылмыскерлер дегеніміз, кейде өздерін өнер адамдары секілді ұстайды. Өздеріне назар аудартқанды сүйеді емес пе? Əлгі тонау оқиғасының маған ерекше назар аудартқан тұсы – олардың осы қылмысқа жауапкершілікпен қарағанында болды. Ақиқатында, аса жауапкершілікпен жасалған кез келген дүниенің нəтижесі «жақсы» деген бағаға лайықты. Олар бұл қылмысқа алты айдай да йындалған. Əсте, «жарты жыл» деген əсерлірек естіледі емес пе?! Ең бірінші қылмыскерлер мақсаттарын айқындап, өздерінің тонайтын нысандарын нақтылап алады. Ол – əл-Фараби мен Сейфуллин көшесінің қиылысында орналасқан «Халық банкінің» негізгі ғимараты еді. Өте керемет əрі өте қауіпті таңдау. – Иə, біздің қазақ «құласаң, нардан құла» деуші ме еді?! – деп сөзге мақал қыстыра қалды орындықта шалқалап отырған Қанат. – Қылмыскерлердің құрамы төрт адамнан тұрады. Олардың бірі – ғимараттың күзетшісі. Ол жұмысқа алты ай бұрын орналасқан. Қылмыстық топтағы күзетшінің атқаратын қызметі – ғимаратқа кіру мен оңай шығуды қамтамасыз ету. Ал екінші біреуі көлікте күтіп отырады. Маған ең таңғал дырғаны көлік жүргізушінің жұмысы болды. Себебі ол əл-Фараби даңғылымен жарты жыл уақыт күнделікті жүріп, барлығын есептеген. Қай күндері кептеліс аз, қай қиылыста бағдаршам қанша уақыт жанады, келесі қиылыстағы бағдаршамның жасыл түсіне үлгеру үшін қандай жылдамдықпен жүру керек, яғни, ол барлығын есептеген. Осы дайындығының арқасында олар ешбір полиция қызметкерінің қолына түспей, қаладан емін-еркін шығып кеткен болатын. Қалған екеудің біреуі банк қызметкерлерін қорқытумен, ал екіншісі ақшаны жымқырумен айналысты. Қаладан шыққан соң, Талғарда көлікті ауыстырып, қалаға қайтадан оралады. Бəрі мінсіз ойластырылған деуге келмейді. Себебі олар үлкен қателік жасады. Олар қаланың үлкендігінен қолға түсудің қиын екенін алға тартып, қалаға қайта оралды. Анығында, қала қаншалықты үлкен болса, олар үшін соншалықты қауіпті еді. Мен оларға махинациялық əдісті қолдану арқылы қылмысты ашқан болатынмын. Біріншіден, мен қылмыскерлердің қалада екендігіне сенімді болдым. Ал олар қалада болса, ешқандай да жалдамалы пəтерге, қонақүйлерге жасырынбайды. Біздің ол жақты тексеретінімізді біледі. Демек, олар не таныстарының, не өздерінің үйлерінде деген сөз. Сеніңше, үйде қамалып отыр ған адамның іші пысуы əсте заңдылық емес пе?! Іші пысқан адамға БАҚ-тағы өздері туралы хабарлаған жаңалықтардың барлығы дерлік қызықты. Бұл – бірінші басты назарда ұстанарлық дүние. Яғни, көгілдір экран бізге өте көмекші құрал. Мен олар қаладан оңай шығып кеткенде, бағдаршам түсінің уақыттарын жақсы білгендігін бірден түсінген болатынмын. Бұл қылмысты ашуда менің пайдама жарағаны да осы болды. – Бұл əңгімең мені қызықтырып барады. Жалғастыра бер, – деді Қанат көзілдірігін нəзік матамен сүртіп отырып. – «Миллионер бол» бағдарламасы туралы естуің бар ма? – Иə, əрине. Ұмытпасам, осыдан үш жыл бұрын елімізде өте танымал, рейтингі ең жоғары болған болатын. Сұрақты үш жауап жəне төртіншіге «өз жауабыңыз» деген нұсқасын ұсына отырып экранға шығарады. Қоңырау шалғандардың ішінен жеңімпазды анықтайды. – Дұрыс айтасың, Қанат. Біз бұл бағдарламаның финалдық сұрағына əл-Фараби мен Достық көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның жасыл түсінің бір жану мөлшерінің қанша уақыт екенін сұрақ етіп шығардық. Сондай-ақ жапондық жазушы Цугуми Обаның бір əңгімесінде қылмыскерді қолға түсіру үшін қолданған тəсілін пайдаландым. Бағдарламаны телевидениеге тек Алматы қаласына ғана көрсетуін сұрадым. Бұл əдіс күдіктілердің аймағын нақтылауға көмектеседі. Сосын əуелгі үш жауапқа қате нұсқалар ұсындық. Өз жауабын ұсынғандардың ішінде төрт-ақ адам дұрыс жауап берді. Ол төрттіктің ішінде біздің тонаушыларымыз да бар болатын. Осылайша, олардың керемет қулықтары өз-өздерін ұстап берді десек те болады. – Керемет жұмыс! – деп қолын шапалақтады Қанат. – Қазақ атам: «Өзіне сор емес пе қызылдығы түлкінің?» дейді, – деп күлді Дидар. Сайтандар кез келген жерде бар – Ал, аса мықты детектив, айлакер агент Дидар Холмс мырза! Менде бір жаңа іс бар. Бұл сізді қызықтыруы керек. Немесе жай сандырақ болар. Жұрттың айтуына сенсек, қалада сайтан бар деседі, – деп таңырқаған кейіпте Қанат жымиды. – Таңдай қағатын дүние емес, сайтандар кез келген жерде бар. – Бұл расымен де қызықты. Өткен аптада қаланың əр нүктесіндегі саябақтардан жанұшыра айқай салған əйел адамның дауысы естілген. Бұл тұрғындардың зəресін алған болатын. Бірақ дауыс шыққан жерде ештеңе жоқ. Жəбірленуші де, қылмыскер де жоқ. Белгі атаулыдан күдікті түк те жоқ. Бұл сайтан емей, немене?! – Оқиға қай саябақтарда болған? – Желтоқсан, Назарбаев, Гагарин көшелерінің бойында. – Қанат, бізге ол жерлерді көзбен көрген артықтық етпейді… Оиа орнында Күн қақ төбеден ауа бастаған шақта олар оқиға орнына келді. Асықпай мұқият қарап шыққан Дидар күдікке ілінетін ештеңені байқай алмады. Саябақтардың үшеуін де толығымен аралап шықты. Бұл – жұртшылықтың сандырағы болар деген күдік те санадан кетер емес. Ымырт түн… Дидар төсегінде дөңбекшіп, əзер көз ілді. Көз ілгені сол-ақ еді, ол өте бір ащы дауыстан шошынып оянды. Бұл дауыс пəтерінің ашық тұрған терезесінен естіліп жатыр екен. Нақты дауыстың шығу нүктесі үйіне қарсы беттегі саябақтан секілді. Ол далаға жүгіріп шықты. Байқауынша, оқиға орнына сол маңайдағы тұрғындар жиналып қалса керек. Əлгі азапты дауыс сап болыпты. Жер астынан шыан дауыс Əдеттегідей саябақта күдікті ештеңе жоқ. Бұл оқиғалардың жиілеуі ел-жұрттың мазасын қашыра бастады. Ду-ду еткен халықтың күбірі: «Қалада елес жүр, айттым ғой, сайтан бар, ібілістің ісі ғой бұл», – деген дауыстар адамға үрей бере түседі. Осы бір оқыс оқиғаның негізінде Дидардың «Бұл халықтың сандырағы ғой» деген күндізгі болжамы түбегейлі жоққа шығарылды. Бұл дегеніміз – Дидарға дəл осы қылмыспен білек түріп айналысуға толықтай негіз бар деген сөз. Таңертеңгісін Дидар үйінің жанындағы саябақты мұқият қарап шықты. Содан соң ол дауыстың ең алғаш шыққан жері, яғни Желтоқсан көшесіндегі саябаққа келді. Жанына Қанат та ере келген. – Неліктен ешқандай айғағы жоқ саябақты қайта-қайта қарай береміз, Дидар? – деген Қанат аздап ашулы үн қатты. – Бізге бұдан да басқа пайдалырақ дүниелермен айналысу керек. Ашылмаған құпиясы бар қаншама қылмыс жатыр. – Қанат, сен қателесесің, – деді Дидар. – Түсінбедім, Дидар Холмс мырза! Анығырақ айта аласыз ба? – Əрине, достым. Не үшін айғақ жоқ дейсің? Айғақ бар. Мен оны жаңа ғана таптым. – Ол қандай айғақ? – Қанат мырза, осы салада қызметте жүргеніңе қанша жыл болды? – Он екі жыл. – Он екі жылдан бері өлген адамның мəйітінің иісін тани алмасаң, қалай ғана агент болып жүрсің? Қызық, – деп Дидар басын шайқады. – Қанат, достым. Бұл саябақтан мəйіттің иісін байқадым. Өткен жолы аса аңғара қоймаған едім. Ол ендігі иістене бастады. Демек, ешқандай да сайтан жоқ. Бұл – адамның ісі. Саябақта қылмыс бар деген сөз ғой. Ал енді айтшы, Қанат, адамның дəл алдында көрінбеген дүниелер қай жерде орын алып жатуы мүмкін? – Оның назарынан тыс жерде. – Əрине, дұрыс айтасың. Бұл жерде біздің назарымыздан тыс қалып тұрған дүние – аспан мен жер асты ғой. Сен мұқияттап ағаштардың басын қарап шық. Ал мен болсам, жерді тінтіп көрейін. – Жарайды, келістік. – Қанааат! Достым! Мен бірдеңе тапқан сияқтымын. – Қане, не таптың? – Бізге мына канализациялық арналарды ашып қарау керек. Бұл жердегі барлық арналардың қақпақтарын ашып қарайық. Дидар қалыңдығы саусақпен өлшегенде екі елідей темір қақпақты ашып қарады. Сасық иіс бірден қолқаға ұрады. Ол басын тығып қарады да: – Охооо, достым. Мұнда не жатқанын қара, – деді. – Қап, сайтан алғыр! Бұл кім тағы? – деп Қанат бетін басып, лоқси бастады. Арнаның ішінде егде жастағы əйелдің мəйіті жатыр екен. Қол-аяғы байланған, денесінің сау-тамтығы қалмаған. Тіпті зорланғаны да анық байқалып тұр. – Қанат, дереу бөлімшедегілерге хабарла. Осы оқиғаға қатысы болған саябақтардың, жоқ, Алматыдағы барлық саябақтардың канализациялық арналарын қарап шықсын. – Мақұл, Дидар Холмс мырза!

Кдікті – быр тазалаушы Құрқылтайдың ұясындай ғана бөлімше… Бұл жер қаншалықты кішкентай əрі тар болғанымен, соншалықты үлкен əрі ауқымды қылмыстарға тұжырымдар жасалып, қорытындылары бекітілген орын. Əдеттегідей темекісінің түтініне қарап терең ойланып отырған детектив мырзаның үнсіз тыныштығын бір демде үзіп, Қанат есікті ашты. – Соңғы жаңалықтармен бөлісейін, Дидар. Ол шынымен де сайтан екен. Мұндай сұмдықты адам жасамайды ғой. Назарбаев, Гагарин көшелеріндегі саябақ арналарынан да əйелдердің мəйіті табылды. Сонымен қатар одан бөлек қаладағы 11 саябақтан мəйіттер табылды. Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Əзірше табылған мəйіттердің саны – 15. Бұл дегеніміз – сұмдық қой, сұмдық! – Меніңше, Қанат достым, қылмыскер құбырларды тазалаушы болып жұмыс істейді. Себебі оған құбыр арналарын ашып-жабу еш қиындық та, күдік те тудыртпайды. – Ендеше, құбыр тазалаушы қызметкерлерді тексерейік, – деді Қанат алқына сөйлеп. – Жоқ, досым, олай болмайды. Олай жасасақ, біріншіден, уақыт жоғалтамыз, екіншіден, қылмыскердің келесі жоспарларын бақылаудан шығарып, алдағы құйтырқы істерінен мүлдем хабарсыз қалуымыз да мүмкін. Бізге тапқыр болу керек. Əйтпесе өкінішті сəттермен жиі ұшырасып қалуымыз да ғажап емес. Сондықтан айла керек. – Дидар Холмс мырза, сізде ол айланың ендігі барына мен сенімдімін. – Əрине, достым. Ол қанішерге өте қиын болмақ. Маған сендер қарап шыққан саябақтардың тізімдерін берші. – Мінеки. Бұл жерде 30 саябақтың тізімі бар. Оның тең жартысында кісі өлімі болды. Ал қалған жартысы таза болып шықты. – Бұл – қаланың картасы. Оқшау белгіде шеңбермен көрсетілген аумақ – бұл саябақтар. Қылмыс болған жерлер қызылмен, ал тексергенде таза болғандары жасылмен белгіленген, – деп көлемі жарты метрге жуық Алматының картасын Қанат Дидарға ұстатты. Дидар ұзақ ойланып, іштей тұжырым жасап жатқаны жүзінен белгілі болып тұрды. – Қанат, сен білесің бе, сериялық кісі өлімінің ерекшелігі неде екенін? – Таңбалары болатынында шығар? – Дұрыс айтасың. Толық дұрыс айтпасаң да, жақындадың. Маған қалам берші, – деп ақырын өтінді. – Сериялық кісі өлімінде қылмыста ортақ белгілердің болуы немесе белгілі бір бағытта реттілікпен орын алуы шарт. Алғашқы қылмыс болған саябақтарды тік сызықпен біріктіргенде үшбұрыш пайда болады. Ал келесі мəйіттер табылған төрт саябақты біріктірсек, шаршы пайда болады. Келесі бес саябақты осылай белгілесек, – деп Дидар қаламмен дөңгелектей сызды да: – Шеңбер пайда болады, – деді. – Осындай реттілікпен ол 12 адамды өлтіріп, арналарға жасырды. Келесі үш қылмыс, меніңше, ол ромб пішініне келеді. Ол ромбтың үш жақтауында да ендігі қылмысын жүзеге асырды. Ал енді төртінші жақтауы қалды. Мен қателеспесем, төртінші жақтауы – Байзақов көшесіндегі биокомбинат саябағы. Қанат достым, қане, айтшы, қылмыстардың арасы қанша күннен кейін қайталанған? – Үш күн сайын деген тұжырымдамыз. Бұл – мəйіт қорытындысын берген эксперттердің болжамы. – Ендеше, Джекпот, досым! Қанат Ватсон мырза! Бүгін түнде жыртқыш келесі жемтігін өлтіреді. Байзақов көшесінің бойындағы саябақта. – Рас па? – Бəрі мен ойлағандай болса, рас əрине. Қанат Ватсон мырза! Сенің таныс дос, құрбы қыздарың бар ма? – Əрине. Оны не үшін сұрадың? – Біздің жыртқышты аулау операциямызға көп көмегі болар еді. – Қандай көмек? – Мен өзім түсіндіремін, аса қиындық тудыратын шаруа емес. Бір қыз болса жетеді. Айтпақшы, маған кинологтарға хабарласу керек. Бір ит артық етпейді. Күн қақ төбеден ауа бастаған шақта олар оқиға орнына келді. – Не ойлағаның бар, Дидар досым? – деген Қанаттың таңданысты сұрағына Дидар жай ғана жымиды да қойды… Жыртыш аулау операциясы Түнгі сағат 02:17. Дидардың қолында – неміс овчаркасының қоңыр қарғыбауы. Ал саябақтың арғы бұрышында құрбы қызымен құшақтасып Қанат отыр. Бұл – Дидардың күдік тудырмау үшін жасаған кішігірім қойылымы еді. Əзірге күдікті ештеңе байқала қоймады. Саябақта біршама адам бар екен. Шатасу өте оңай. 04:38… Əйелдің жанұшыра айқай салған дауысы анық естілді. Дауыс Дидардың жобалауынша, саябақтың күншығыс беткейіндегі канализациялық арнадан шығып жатқан секілді. Олар дауысқа қарай жүгіре жөнелді. Дереу жетіп, арнаның қақпағын ашқан беті сол-ақ еді, бір құбыжықтан аумайтын ер кісі əйелдің тамағына пышақ тақап жатыр екен. Ол Дидар мен Қанатты көріп, құбырды бойлай қаша жөнелді. Дидар болса ізінен əлгі итті құбырға түсіріп, қуалатып жіберді де, өзі құбырдың келесі қақпағына қарай жүгіре жөнелді. Бұл сəтте Қанаттың шапшаңдығы оқиғаны жеңілдетті. Себебі ол құбыр ды ашқанда қылмыскердің иығынан атып жаралап үлгерген болатын. Құбыр ды бойлай бір көше жоғары шыққан Дидар құбыр тазалаушылардың көлігін байқап, көлікке қарай жүгірді. Көліктің дəл жанында канализация арнасының қақпағы ашық тұр екен. Қылмыскер қолға түсті десек те болады. Сайтанмен бетпе-бет Келесі күн… Тергеу изоляторында аузына шылымын қыстырған Дидар əлгі құбыжық бейнелі адамға тесіле, терең қарап отыр. Дидар аса байыптылықпен тергеуді бастады. – Сізді қалай атайын? – Сайтан деп атаңыз, – деп жауап қайырды сұсты қылмыскер. – Қылмысыңыз туралы өзіңіз баяндап беріңізші. Бəріміз үшін қызықты. – Не үшін? Бəрі анық емес пе? – Жоқ, бізге түсініксіз тұстары бар. – Мысалы? – Толық əрі түсінікті етіп баяндаңыз. – Жарайды. Мен білемін, сенің есімің – Дидар. Сейфуллин көшесіндегі ескі пəтердің тұрғынысың. Өзіңді мықты детектив санайсың. Бірақ мықтысың деп айта алмас едім. Əйелің өмірден кеткелі жалғыздық жаныңды жеп жүр емес пе? Біреудің қылмысын ашқанша, өз кінəңді мойындап үйренсеңші, Дидаржан, – деп ол мысқылдап, қатты күле бастады. Дидар аң-таң боп абдырап қалды. Содан соң өз-өзін жинап алды да, сабыр лы жүзбен: – Жалғастыра беріңіз, Сайтан мырза! – деді. Қылмыскер өзінің жасаған психологиялық шабуылынан Дидардың аса ауыр соққы алмағанына іштей ғана таңданып, əңгімесін жалғады. – Мен ең əуелі өмірден шаршап, депрессияда жүрген егде жастағы əйелдерді іздеп табамын. Оларды өзімнің жасырын қоймамда ұстаймын. Сосын канализациялардың ішінде айуандықпен өлтіремін. Оның дауысын естігендердің «сайтан бар» деп шошынғаны мені одан əрі қызықтыра түседі. Жұмысым толық аяқталмай қолға түскеніме аздап қапалымын. Бірақ алып шаһар Алматының үрейін алдым емес пе? – деп тағы да мысқылдап күлді. – Сіздердің арқаларыңызда он алтыншы əйел тірі қалды емес пе? Сізге бір ақпаратымды айтайын. Менің жемтіктерімді қамайтын қоймам бар. Ол «Тозақ» деп аталады. Ол жерде адамдар канализацияның ішінде болатын ақтық сапары мен өз кезегі жеткенше азапталып, қиналады. Детектив Дидар мырза! Сіз білесіз бе, олардың қаншалықты азапталатынын? – Қаншалықты? – Тозақтағыдай. Мүмкін шынайы тозақтың жүзден біріндей ғана шығар. – Сайтан мырза, айтыңызшы, неге сіз тек депрессиядағы əйелдерді таңдайсыз? – Олар азапталған кезде өмірдің қандай керемет екенін ұғынады. Өз өмірлерінің құндылығын, ең қымбат екенін түсінеді. Бірақ өте кеш. Адамдар сондай: ауру келмей – денсаулықтың, аштық келмей – қара нанның, құрғақшылық басталмай – судың қадірін түсінбейді. Расымен де олар бұл өмірдің жұмақ екенін «тозақты» көрсетпейінше түсінбейді емес пе, детектив мырза? – деп сұстана қарады ол. – Келесі сұраққа көшейік. Қылмыс орындарын неге геометриялық фигуралармен таңдадыңыз? – Жай ғана. Рас айтамын. Сіздермен ойнау да қызықты болсын дегенім ғой, – деп күлді ол. – Сізге іш пыстырарлық қылмыстар ұнамайды деп ойлаймын. – Жақсы жауап, – деді Дидар. – Соңғы сұрағым: «Тозақ» деп аталатын қоймаңыз қай жерде жəне ол жерде жəбірленушілер бар ма? – Əрине бар. Олар өте көп. Бірақ кешіріп қойыңыз, «Тозақтың» мекенжайын сізге бүгін айта алмаймын. Менің көңіл-хошым жоқ жəне аздап ойлануым керек. Олардың қауіпсіздігіне алаңдамаңыз, барлығы тірі. – Жарайды, Сайтан мырза, келістік. – Тағы бір сұрақ. Мен туралы қайдан білесіз? – Дидар мырза! Ол – өте қарапайым дүние ғой. Сайтандар бəрін біледі. Себебі олар адамдарға тым жақын жерде жүреді емес пе? – деп əлгі ұсқынсыз мысқылын қайталады. – Жарайды ендеше. Ертеңге дейін, – деп Дидар орнынан тұрып, тымырсық изолятордан баяу сыртқа қарай беттеді.

Мы сра Таңертеңгісін Дидарға Қанат қоңырау шалып, қамаудағы қылмыскердің өз-өзіне қол салып, көз жұмғанын хабарлады. Бұл жаңалық Дидарды мүлде қуантпады. Шұғыл бөлімшеге жетті. Қанат ол туралы: – Толық аты-жөні – Нұрлан Біржанов. Алматылық азамат. Жасы 44-те. Құбыр тазалаушы болып он жылдан бері жұмыс істейді екен. Отбасы жоқ. Жеке пəтерінде жалғыз тұрған. Бар ақпарат – осы, – деді. – Жарайды, жетеді. Өлерінің алдында басқа ештеңе қалдырмап па? – Жоқ, ештеңе қалдырмаған. – Біз оның қоймасын табуымыз керек, достым. Ол жерде қаншама бейкүнə адам қамауда отыр. – Біз оның жұмыс орнын, үйін, көлік тұрағын тексеріп, түк ештеңе таппадық, Дидар. – Қап! Оның өлімі бекер болды… Бұл жалғыз адамның ісі емесі анық… орынышты сурет Бір ай өткен соң… Сот үкімі əлгі қанішердің барлық қылмысын растады. Бөлімшенің алдында баяғы шер толған шылымын сорып Дидар тұр. «Ішке кірейік», – деді Қанат. Екеуі өздерінің ескі креслоларына жайғаса кетті. Қанат: – Эх, бұл қылмыс та осылай бітті-ау, – деді алаңғасарланған күйі. – Жоқ, достым, сен қателесесің. Қызық енді басталды. Нағыз сорақы қылмыстар енді басталады, көр де тұр. Қанаттың «Не дейсің?» дегенінше болған жоқ, бөлімшеге полиция қызметкерінің бірі жүгіріп кірді. – Рұқсат па? – Баяндаңыз, – деді Дидар. – Райымбек көшесіндегі ойын алаңдарының бірінен əйел адамның азапталып өлтірілген денесі табылды. Оның арқа терісінде мүйізді адамға ұқсас бірдеңенің суретін өткір ұстарамен салғаны көрініп тұр. Суретті өте шеберлікпен салыпты. Адамдар оның арқасын көрмеде картина тамашалағандай, бірақ шошынып қарайды. Сондай ұсқынсыз, қорқынышты сурет екен. Сонымен қоса сол жақ қолында пышақпен: «Сайтан жалғыз емес, олар өте көп», – деп жазылған жазуды байқадық. – Жақсы. Өте жақсы. Оқиға орнына қазір барамыз. Бұл – анық əлгі канализациядағы арналарда жасалған қылмыстың жалғасы. Айттым ғой, бұл – бір адамның ғана жұмысы емес, бұл өте қауіпті ұйым болуы да ғажап емес. Бұл өте қауіпті болмақ. Есіңде ме, біз саябақта қылмыскерді қолға түсірген түн? Сол түні саябақта отырған немесе серуендеп жүрген адамдардың тіпті тең жартысынан көбі осы ұйымның адамдары болғанына сенімдімін. Олар шу шыққаннан соң өз рөлдеріне еніп, елді тез дүрліктіреді. Солайша жағымсыз ақпарат елге тез таралады. Ол жерде біз де өз рөлімізді жақсы алып шыққандықтан, олар бізден күдіктенбеді ғой. Бұл қылмыс бізді сайтандардың тозағына апарары сөзсіз. Көрдің бе, Қанат Ватсон досым, расында да қызық енді басталды, – деп жымиып, Дидар өзінің жұмысына деген асқан құлшыныспен орнынан көтерілді. – Дидар, қалай ойлайсың? – деп сұраулы жүзде Қанат аздап толғана: – Олар шынымен де сайтандар болғаны ма? – Бəрі де мүмкін, Қанат Ватсон мыр за! Бəрі де мүмкін. – Дидар мырза, олар сайтандар болса, ал біз кім болғанымыз? – Білмеймін, достым. Мүмкін «сайтан аулаушылар» болармыз, Қанат Ватсон досым! – деп Дидар басына қара кепкасын басып киді де, аузына шылымын қыстырып, сыртқа қарай беттеді.

Шархан МҰХАММЕД-ҚАНАПИЯ

Оянбаған әке

Көздері қанталаған күннің қызыл өткір сəулесі бөлме ішіне ентелей...

ҚАЛАДАҒЫ КӨЛЕҢКЕ

Анадан қалған жалғыз із Күләш пен Әлиханның бар байлығы -...

Cүймен

1991 жыл. Мұрат жалғыз отырған кабинеттің есігін біреу тақ-тұқ...

БҰҚТЫРМАДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

Қайсенов Абылай Әзімханұлының Өскеменге қайта оралатыны ешқашан ойында болған...

Көлеңкедегі тамыр

Алматыда күрең күз. Тау бөктерінен ескен ызғарлы жел көше...