Сән-салтанат салығы: министр екі нұсқаны айтты

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда сән-салтанат салығы қашан пайда болатынын және ол кімдерге қатысты екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазір бұның бәрін талқылап жатырмыз. Бізде әртүрлі ұсыныстар бар, соның ішінде жеке тұлғада бірнеше жылжымайтын мүлік, бір адамға тіркелген екі немесе үш, қандай да бір жылжымайтын мүлік нысандары болса, онда ол әдеттегі жолмен төлейді. Бірақ саны бойынша асып кетсе… Яғни, әртүрлі нұсқаларды қарастырамыз: құны немесе саны бойынша. Мұның бәрін қосымша талқылаймыз», — деді министр Сенатта журналистер сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, талқылаудың белсенді кезеңі 2023 жылдың бірінші тоқсанында болады деп күтіледі. Министр әзірге нақты ережелер жоқ екенін айтты.

Қуантыров салық негізінен осы салықты төлеуге мүмкіндігі бар ауқатты адамдарға қатысты болады деп сендірді.

«Сәйкесінше, бұл оларға зиян тигізбейді. Сән-салтанат салығы, негізінен, қымбат көліктерге, басқа сәнді заттарға, мүмкін антиквариатқа, жылжымайтын мүлікке және т.б. қатысты болуы мүмкін», — деп түсіндірді ол.

Министр бұл салықты толық енгізу 2024 жылға жоспарланып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы GREEN ЕСО жылыжай кешенімен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таза әрі пайдалы жапырақты көкөніс түрлерін...

Тоқаев Алматы облысының экономикалық өсімін атап өтіп, Марат Сұлтанғазиевтің жұмысына оң баға берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуде...

Тоқаев Alatau City жобасына қатысты ескерту жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте...