Апостиль дегеніміз – бұл құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның қолының нақтылығын, оның осы құжатқа қол қоюға құзыреті бар екендігін және оның қолы бекітілген мөр мен мөртабанның айқындығын нақтылайтын арнайы мөртаңба. Яғни, заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны.
Апостиль – шетелге шығатын құжаттардың басқа елдерде түпқұжат екенін және құжатқа қол қойған адамның кім екендігін және тиісті жағдайда бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәләндырады. Апостиль қоюшы адамдар – апостиль қою жөніндегі функциялар орындауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
ҚР Президентінің 03.11.2010 жылғы № 1093 Жарлығымен бекітілген ҚР Жоғарғы Сотының Жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Сотының аппараты) туралы Ережеге сәйкес, департамент сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға ҚР-ның заңнамасына сәйкес апостиль қою функцияларын жүзеге асырады.
Негізі апостильдеудің маңыздылығы не? Осы жөнінде ауқымдырақ айтып өтпекпіз.
Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады (апостиль) қойылады.
Гаага конвенциясы дегеніміз бейтарап елдердің құқы мен міндеттерін белгілеу және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі көпжақты халықаралық келісім екенін білеміз.
Сол конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.
2001 жылғы ҚР Үкіметі апостиль қою бойынша өкілеттікке ие ұйымдар ретінде бірнеше мемлекеттік органдарды арнайы қаулымен белгілеген.
Соттар жыл сайын әртүрлі даулар мен мәселелерге байланысты түрлі шешім қабылдайды. Олардың кейбіреулері біздің елден тыс, яғни шет жерлерде де талап етілуі мүмкін. Қандай да сот актісі ресми құжат мәртебесіне ие болу үшін, яғни ол шет мемлекеттерге жолданар алдында міндетті түрде заңдастырылады, апостиль қойылады.
Қызылорда қалалық сот әкімшісінің
жетекші маманы
Жанна Сүйіндікова


